• Тұлға
  • 13 Қазан, 2022

ЖАҢА КІТАП: ӨМІРІ – ӨНЕГЕ, ШЫҒАРМАСЫ – ШЫНАЙЫ

Дулат Исабековтің 80 жылдық мерейтойына орай «Өнегелі өмір» сериясымен оның шығармалар жинағы жарық көрді. Бұл жинақ бірнеше бөлімнен тұрады.

Кітапта Дулат Исабековтің жұртқа танымал әңгімелері, мақалалары, сұхбаттары бар. Оқырман қауымға таныс «Бонапарттың үйленуі», «Біз үшін бәрі майдан», «Зорлап пьесса жаздыруға бола ма? «Армысың, Оралхан елі», «Сценарийден экранға дейін» «Мольердің трагедиясын Булгаков жазды, ал мен Булгаковтың трагедиясын жазғым келді», «Таза әдебиеттің заманы өтіп бара ма деп қорқамын», «Тыңдамас құлаққа айтқаннан, ескі құдыққа барып, айғайлап қайтқан артық», «Ащы айтсаң билікке, тұщы айтсаң елге жақпайсың», «Киноның мазмұны – ұлттық, формасы адамзаттық болуы тиіс» және тағы басқа әңгімелері, сұхбаттары оқырманды ойға жетелейді.

Сондай-ақ  замандастары, қаламгер аға –інілері Дулат  Исабековтің шығармашылығына ой жүгіртеді. Кітапта  Ә.Нұрпейісов, А.Байтанаев, М.Сүндетов, Қ.Ергөбек, Ә.Меңдеке, Ә.Бөпежанова, Н.Ораз, А.Мантай және тағы басқа қаламгерлер драматург жазушының шығармашылық лабораториясына үңіледі. Ойлы пікірлерін білдіреді.

Драматург-жазушы Дулат Исабеков «осы кітаптың шығуына материал жинаудан бастап, жарық көруіне дейін күш-жігерін аямай, інілік қамқорлығын көрсеткен, тіпті кітаптың шығу шығынын да толық өз мойнына алған  Ғани, саған көп-көп рахмет» деп қолтаңбасын қойып,  інісіне алғыс сезімін білдіреді.

Кітап Ғани Смаханұлы­ның демеушілігі арқылы «Өнегелі өмір» сериясымен 1000 данамен жарық көрді.

Қысқаша айтқанда, «Дулат Исабеков – нашар шығарма жазуды, тіпті ортақол шығарма жазудың өзін қылмыс деп есептейтін жазушы».

Берік  БЕЙСЕНҰЛЫ

1813 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы