• Қоғам
  • 13 Қазан, 2022

Түркітілдес журналистер форумы

Жақында Алматыда «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» деген атпен Түркітілдес журналистердің II-медиа форумы  болып өтті. Форумды ұйымдастырған – «Түркітілдес журналистер қоры». Дәлірек айтқанда қор президенті, белгілі журналист Нәзия Жоямергенқызы. 

Форум: әлемдік медиа және ақпараттық қауіпсіздік, болашақ медиа нарық және білім, «COVID-19: індеттен кейінгі коммуникация мен PR» деген тақырыптағы отырыстар барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелерін тақылады. Атап айтқанда, журналистиканың ықпалы және сөз бостандығынан бастап, түркі елдеріне ортақ ақпараттық кеңістік, дәстүрлі медиа және жасанды интеллект, жаңа медианың үдерістері және ақпараттық қауіпсіздік, журналистік білім берудің бүгіні мен болашағы, қарапайым медиа құралдармен белсенді аудиторияны қалай қызықтыруға болады? «PR–білім берудегі интегративтік модель» секілді кілең ақпарат майданындағы қауым үшін ескірмейтін, еселене түсетін тақырыптар.

Бағдарлама бойынша отырыстарды Нәзия Жоямергенқызы, Нурлан Усманов (Өзбекстан), Айбар Олжаев секілді тәжірибелі журналистер жүргізді. Жиынға Италия, Британия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан секілді шетелдерден ­журналистер, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен өкіл қатысты. Форумды өткізуге «Шеврон» компаниясы қолғабыс жасағанын айта кеткен жөн.

Жалпы түркі елдерінің басын біріктіретін кез келген мұндай жиын, жыл өткен сайын маңызды бола түсуде. Өйткені әлемдегі геосаяси жағдай да бізді біріге түсуге итермелеуде. Сондықтан журналистердің бас қосуы, ортақ ақпараттық кеңістік, бауырлас елдерде не болып, не қойып жатыр, білу, білісу, танысу уақыт өткен сайын маңызды бола түспек. Демек, «Түркітілдес журналистер қоры» секілді ұйымдардың ісi-шарасы өте маңызды.

Д.БЕЛДЕУБАЙ

845 рет

көрсетілді

25

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы