• Тұлға
  • 20 Қазан, 2022

Руми сыйлығының иегері

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгерееваның поэзиясын түркі елі де мақтан тұтады. Түркі елінің дара ақыны Сүлеймен Челебиді құрметпен еске алуға арналған поэзия фестиваліне ақын А.Бақтыгереева шақырту алып, фестивальдің ашылу салтанатында лента қию мәртебесіне ие болды. Қаламгер «Яассауи жатқан топырақ менің Қазақстанымның Түркістанында» деп сә­лемін жолдап, қазақ елі атынан жүрекжарды тілегін білдірді. Сондай-ақ ана тақырыбына, қыздар поэзиясына ерекше көңіл бөлген ақынның жыр жинағы түркі тілінде шықты. 
Бұл маңызды фестиваль соңында Ақ Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева түркі әлемі поэзиялық фестиваліне құрметті қонақ ретінде қатысып, Руми атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. 

1243 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы