• Қоғам
  • 27 Қазан, 2022

АТЫМТАЙ ЖОМАРТТАР АНЫҚТАЛДЫ

Астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен, қайырымдылық саласындағы жыл сайынғы «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздарын анықтап, марапаттау рәсімі өткізілді.

 

Өмір болғасын жоқ-жітік жандар болмай тұрмайды. Оларға  қол ұшын беру керек. Байқауды  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2018 жылдан бері өткізіп келеді. Мақсаты – Қазақстанда қайырымдылықты дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарды  іздеу және оларды көпшілікке әйгілеп көтермелеу, яғни қайырымдылық мәселесіне жалпы қоғамның назарын аударту.

Жеңімпаздарды анықтау мақ­сатында әрбір адам онлайн-дауыс беру арқылы марапатқа ең лайықты үміткерді анықтай алатын интернет-платформа жасақталғаны белгілі. Биыл да шара онлайн дауыс беру арқылы жүргізілді. Марапатқа ие болудың басты шарты – жарқын болашақты меңзей алатын, тиімділігі жоғары және түрленген жұмыстарды көрсете алатын заманауи филантро­пия мен меценаттықтың көрнекті жетістіктері болуы тиіс. Әрине, ол шарт ескерілді. Биыл да «Жыл тұлғасы», «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы», «Жылдың үздік қамқоршысы» атты бес номинация бойынша үздік шыққан 50 азамат марапатталды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар, дипломдар табыс етілді.

Марапаттау рәсіміне Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Қадыров, Қазақстан Республикасы Парламен­тінің депутаттары, бизнес саласының, қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараны ойдағыдай ұйым­дастыруға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институты күш салғанын да айта кету абзал.

 

Дағжан БЕЛДЕУБАЙ

 

702 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы