• Руханият
  • 27 Қазан, 2022

БІЗ БАЙРАҒЫН БИІК ҰСТАҒАН БАБАЛАРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫЗ

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
«Ana tili»

Мемлекет  басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады. Расында тәуелсіз елдің тарихында ел егемендігі туралы Декларацияның жөні бөлек. 
Ақиқатқа көз жеткізсек, мемлекеттік егемендік туралы декларация – дербестігімізді айғақтаған және тәуелсіздігіміздің құқықтық негізін қалаған аса маңызды құжат. Елдік пен еркіндік жолында тарихи шешім қабылданған күнді ұлттық мерекеге айналдыру – отаншылдық рухымызды асқақтатар ұтымды қадам. Алдағы уақытта бұл күннің қадір-қасиеті одан әрі артып, азаттығымызды айшықтайтын нағыз жалпыхалықтық мереке боларына ешқандай күмәніміз жоқ.  Расында да уақыт тарихи оқиғаны өшіре алмайды. Мемлекет басшысы құжаттың маңыздылығын  ескере отырып, қастерлі күнді тарихқа қайта оралтты. 

– Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор. Біз биылдан 
бастап, Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлі­гімізді бекемдеп, ынтымағымызды арт­тыратын айшықты мереке. Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар! 
Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз. Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады.Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ.Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір, – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен халықты құттықтауында. 
Тарихи күні аспанында ту көтеру рәсімі болып өтті. Бұл рес­публи­камыздың барлық айма­ғында көрінді. Автошерулер ұйым­дастырылып, қастерлі көк ту рухымызды оятты. 
– Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрес­кен бабалар арманы ақиқатқа айнал­ған күн. 1990 жылы 25 қазанда 
Қазақ­станның Егемендігі туралы декла­рация қабылданды. Бұл құжат Тәуел­сіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің Тәуел­­сіздік алуына жол ашқан ақжол­тай құжат, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, еге­мендікке бастайтын қасиетті жолды халқымыз ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Ел ағалары мен зиялылар ұлттың санасын сақтау үшін қолы­нан келгеннің бәрін жасады. Ұлты­мыз­дың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасында айқын көрінді. Егемендік декларациясын
халқымыздың жан-жақты және ұзақ жылғы күресінің нәтижесі деуге болады.
– Мен Ұлытауда өткен алқалы жиында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсындым. Оны Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтердім. Бұл бастама халықтың кең қолдауына ие болып, тиісті заңға өзгеріс енгізілді. Биылдан бастап, Республика күні – ұлттық мереке. Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика
күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам, – деді Президент.
Қазір Қазақстанның әрбір азаматымы мемлекеттік рәмізге құрметін сүйіспеншілікпен көрсете алады. Бүгінде байрағымызды қоғамдық жерлерде және жекеменшік орындарда қоюға еш тыйым жоқ. 
–Біз домбыраға әр қазақтың төрінен орын бар дейміз. Бұл – дұрыс. Сол сияқты еліміздің әр отбасында көк байрағымыз тұрса, өте жарасымды болатыны сөзсіз. Біздің туымызда халқымыздың бүкіл рухы көрініс тапқан, – деді Президент қасым-Жомарт Тоқаев.
Рас, көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді.

1009 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы