• Мәдениет
  • 03 Қараша, 2022

«DALA DAUYSY» ТАЛАНТТАРДЫ АНЫҚТАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Мә­дениет және спорт ­ми­нистр­лігі Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құн­дылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында Республикалық «DALA DAUYSY» байқауын ұйымдастырып отыр.

Байқауда 5 номинация бойынша 16 сыйлық тағайындалады. Атап айтар болсақ, «Үздік фольклор­лық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік дра­матургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрада жанрындағы «Республика әні» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2  арнайы жүлдесі.

Ал аталған байқауға кімдер қатыса алады? Кон­курсқа соңғы 3 жылда жазылған және байқауға өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін (2022 жылғы 15 қазан) көпшілік алдында кеңінен орындалмаған авторлардың туындылары қатысады. Авторлардың туындыларына екіден артық емес номинацияларға қатысуға рұқсат етіледі. Әр номинацияда бір қатысушы тек бір туындыны ұсынады.

Конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі және Гала-концерт 2022 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.

Н.БАТЫР

 

974 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы