- Тұлға
- 09 Қараша, 2022
Қош, күлкі кемеңгері!

Газеттің соңғы беті қатталып жатқанда Астанадан ұлт әдебиетінің аса көрнекті өкілі, сатира сардары Көпен Әмір-Бек өмірден озды деген азалы хабар жетті. Төбемізге жәй түскендей болды. Теңселіп кеттік. Көңіл шіркін, сенсін бе, кісі өлтіретін көп әзілінің бірі шығар деп те ойладық. Не күлерімізді, не жыларымызды білмей, отырып қалдық.
Мұндайда не деуге болады?! Не тауып айтуға болады? Күні кеше ғана редакцияға қоңырау шалып, «Ұлттық басылымдарға жазылуды қолға алғалы жатырмын, «Ана тілінен» бастаймын. Жазатын дүние көп, әсіресе естеліктер» деп еді-ау. Енді өзі де естелікке айналарын білді ме екен, есіл ер!
Әзілдің Әзизі, сатираның садағы, күлкінің кені, қазынасы едің ғой.
«Көпен келе жатыр» деуші едік, енді «кім келе жатыр» дейміз?!
Қош, күлкі кемеңгері!
«Қазақ газеттері» ЖШС ұжымы

2128 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *