• Тіл
  • 17 Қараша, 2022

Көнерген сөздердің мағынасы

Қыз-қырқын. Осындағы қырқын – күңнен туған қыз.

Абысын-ажын. Абысын ағайынды адамдардың әйелі. Ажын – аталас туыстың әйелі. Кейде абысын қайын ағаның әйелі, ажын қайын інісінің әйелі дегенде бар.

Бала-шаға. Бала – бәйбішеден туған, шаға – тоқалдан туған балалар. Қазақта бәйбіше мен тоқалдардың ауылдары бөлек-бөлек болған. Сондықтан амандасқанда «бала-шаға аман ба?» деп екеуін де сұрайды.

Қу тақым – әйелі қайта-қайта өлген немесе жиі ажырасқан еркекті айтады. Ондайлар үйленсе қалың малға қоса «үй сынығы» деген үстеме кәдені қосады. Әйтпесе, қыздың ата-анасы «Шүйке бас шақ келмеген қу тақымға қыз бермейміз» – деп шалқаяды.

Ертеде үйді «кетек» деп атаған. Иттің үйшігі де солай аталады.

Іргенек – киіз үйдің есігі бар да, сықырлауығы жоқ кезде іргенек жасалады. Биіктігі бір метр, ені есіктің көлденеңіндей ағаш шарбақ. Үй іші бір жаққа кететін болса, мал кірмесін деп, оны есікке көлденеңінен қоя салады.

Қалжуыр – есікті іштен бекітетін тиек. «Тышқан ініне кіре алмай жүр, құйрығына қалжуыр байлапты» деген сөз бар.

Сыптығыр – уық қап.

Байтаба – түйе не ешкінің жүнінен тоқылған шұлғау.

Жұрын – иленген терінің қалдығы.

Түрме – белбеу.

(Райхан Матаеваның

Facebook-тегі парақшасынан)

1494 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы