• Руханият
  • 17 Қараша, 2022

«БӘРІ, БӘРІ ЕСІМДЕ...»

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында режиссер, Қазақстанның халық артисі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Тәуелсіз Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының Басқарма мүшесі, Түркітілдес елдер Ұлттық театрлары Директорлар кеңесінің мүшесі, профессор Есмұхан Несіпбайұлы Обаевтың шығармашылығына арналған «Жаһандану дәуіріндегі театр өнерінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мен «Бәрі, бәрі есімде...» кітабының тұсаукесерін өткізді. 

Оған шетелдік және отандық танымал ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері: Асанәлі Әшімов, Досхан Жолжақсынов, Нұрқанат Жақыпбай, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі – Шайымбек  Кыдырмаев, Қырғыз Республикасының Халық артисі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры – Еркін Жуасбек, жазушы Дулат Исабеков, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры – Қабыл Халықов және тағы басқалар қатысты.

 Академия дәлізінде Есмұхан Несіпбайұлының шығармашылығына арналған көрме жасалды. Конференция барысында Есмұхан Обаевтың достары мен әріптестері, шәкірттері мен ізбасарлары баяндамалар жасап, құттықтаулар мен жылы лебіздер айтты.

 Есмұхан Несіпбайұлының шәкірттері өздерінің ән шашуын жасап, ақындар өз өлеңдерін арнады. Көп қауым жинаған бұл шара Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Сыған серенадасы» спектаклімен жалғасын тапты.

Н. БЕЙСЕМБАЕВА

 

406 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы