• Қоғам
  • 17 Қараша, 2022

80-нен астам заңға өзгерістер енгізіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, зейнеткерлермен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді.  ­Министр балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру шаралары туралы айтып берді.

Тамара Дүйсенова өз сөзінің басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды көздейтін әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлегенін хабарлады. 
– Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу барысында  сарапшылар мен азаматтық қоғамдастық тарапынан 1000-нан астам ұсыныс түсті, 50-ден астам заң мен 200 заңға тәуелді актілер жан-жақты зерделенді. Әлеуметтік кодекстің қабылдануына орай 80-нен астам заңға өзгерістер енгізілетін болады, сондай-ақ 10 заң өзінің күшін жояды. Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарды өмір бойы сүйемелдейтін болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдау тәсілінен қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылатын болады, – деді Дүйсенова.
Министр Әлеуметтік кодексті іске асыру құралдарының құрамдас бір бөлігі осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылған отбасының цифрлық картасы болатынын атап өтті. Бұл мемлекеттік органдарға азаматтардың жүгінуін күтпестен проактивті форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Іске қосылған сәттен бастап 36 мың адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS хабарлама жолданады. Бұл ретте өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 7 мыңнан астам адам пайдаланады.

1010 рет

көрсетілді

43

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы