• Қоғам
  • 10 Қараша, 2022

Медиатор студент жастармен жүздесті

Аида Заманбекова – Қазақстан медиаторлар қауымдастығының мүшесі, реестерде тұрған білікті медиатор. Ол биыл «Ақпаратты-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының медиация институтын нығайтуға бағытталған жобасына қатысып, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытушылар мен студенттерге келіссөздер процесінің негіздері, медиация және медиативтік құзыреттілік, жанжалдағы мінез-құлық туралы дәрістер ұйымдастырды.

Аиданың айтуынша, жастар мен жасөспірімдерді бұл салаға бейімдеу көптеген мәселенің оңтайлы шешілуіне мүмкіндік береді. «Бұл олардың жұмысқа тұруына қолайлы. Өйткені медиацияны білетін адам қарым-қатынасқа шебер, басқару жұмысын жақсы атқара алатын болады. Медиация көптеген саланы қамтиды. Бұл саланы меңгеру үшін жан-жақты болу керек. Яғни, Қылмыстық кодексті,  Азаматтық кодексті білу, психологияны меңгеру шарт. Медиатор болу үшін заң маманы болу міндетті емес. Әр адамның бойында медиаторлық қасиет бар. Мысалы, ата-аналар балаларының арасындағы мәселелерді шешіп жатады. Ерлі-зайыптылардың ажырасулардың себебін анықтайтын болсақ, ол түкке тұрғысыз нәрседен басталады екен. Бірақ соның барлығы жиналып келіп арадағы дау-дамай ушығады да, неден басталғанын тіпті өздері ұмытып қалып жатады. Сондықтан біз көптеген отбасыларды сақтап қалу үшін де жұмыс істейміз. Қазір біздің қоғамда психологқа баруды көп адам жөн санамайды. Сондықтан олар медиатордың көмегіне жүгінеді. Сөйтіп өзара бітімге келеді» дейді ол.

Медиация екі жақты бір-бірімен татуластыруда үлкен мәселелерді шешуге жол ашады. Бұл сала біздің елімізде де даму үстінде. Жастар арасында медиацияны түсіндіру және оны қолдану бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ол тек заң саласында білім алып жатқан студенттерге ғана емес, әрбір жасқа керек дүние.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өтіп жатқан бұл жоба аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-да, Тұран, Қайнар университеттерінде, және тағы басқа ЖОО-ларда лекциялар өткізілді. Оған студенттер мен оқытушылар қатысты.

303 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы