• Мәдениет
  • 24 Қараша, 2022

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛҚЫ МУЗЕЙІ БАР МА?

Қали СӘРСЕНБАЙ
«Ana tili»

Әлемде жылқыға арналған 35 музей бар. Оның ішінде Ресейде екі музей, қымызбен емдейтін ондаған шипажай және бар.
 Жылқыны әзелден «ер қанаты» деп бағалаған біздің қазақта оған қатысты теңеу, бейнелі сөз қисапсыз. Қамбар ата тұқымының батырлар жырында сұрапыл суреттелуін былай қойғанда, бір ғана Ильяс Жансүгіровтің «Құлагерін» оқысаңыз  да жетіп жатыр. Бұл еңбекті жылқы туралы «күй-энциклопедия» деуге болады.

Жылқыдай есті жануар жоққа тән. Асқар Сүлейменов «Қазақ жылқыдан жаралған» деуші еді. Жылқының қадірін бір білсе, қазақ білуі керек еді.Өкінішке қарай, осынау қасиетті түлік со­ғым кезінде есімізге түсетіні және бар.Жыл­қының еті мен сүті көп дертке дауа екенін академик Төрегелді Шарманов айтудан жа­­лыққан емес.Тіпті жылқының сүтінен балмұздақ, шоколад та жасатты.
Есте жоқ ескі заманда тарих­тың атасы Геродот жазбаларында жылқының отаны осы күнгі Орта Азия мен Қазақстан өңірі деп көрсетілгені де мәлім. Міне, сол соғым жегіш Қазақстанда қасиетті жануарымызға арналған республикалық деңгейде музей жоқ дегенге сенсіз бе? Арнайы шипажай болса да жоқ. Жылқыға ән-күй арнаймыз, жырға қосамыз, кітап та, қағаз да бар, ал нақты құрмет жоқ.Кейде қаңғалақтап бір ой келеді. Бір жылды жылқы жылы деп атап, бір жыл соғым жеуден бас тартсақ қайтеді?! Бір жылға қоян терісі де шыдайды, «окорочкамен» жан сақтауға да болады ғой.
Қысқасы, бұл тақырып жө­нінде «Ана ті­лінің» алдағы санында тілші­леріміз дайын­даған «Қа­зақстанда жылқы музейі бар ма?» атты сараптама ма­қаладан толық біле аласыздар.

PS. Айтқандайын «Ана тіліне» келесі жылға жазылу да қаперіңізде жүрсін. Уақыт өте шығады. Санаулы күн қалды.
 

1271 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы