• Қоғам
  • 01 Желтоқсан, 2022

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ: ЖУРНАЛИСТЕРГЕ НЕ ЖАЗСА ДА ЕРІК БЕРУ КЕРЕК

Жалпы журналистика деген нәрсеге көзқарасты ақырындап өзгерту керек. Негізі халық өздігінен бүлініп жүрмейді. Он жыл бұрын «Елді түзеймін десеңдер, журналистерге қоғам шындығын тура айтып, жазуға мүмкіндік беріңдер» деп айтқанмын. Қалай бар, солай, ештеңе қоспай, біреуге кіжінбей, «мынау былай болып жатыр, бұл дұрыс емес, осыған шара қолдану керек» дегендей ұсыныспен, сол күйінде айтып үйрету қажет. Қазір халық сауатты, көзі ашық, алдарқатуға көнбейді. Әдемі сөздерге сенбейтін болды. Сондықтан халыққа өтірік айтпай, бәрін ашық түсіндіріп отырса, даму өзінен-өзі орын алады. Журналистерге не жазса да ерік беру керек, артық кетіп жатса, заң бар, жауап береді ғой. «Относительно» тәуелсіз адамдар болу керек қой. Еліміз дұрысталып, мемлекетіміз күшеюі үшін мүмкіндігінше шындықты айтуымыз керек, әрине, ұшқары кетудің қажеті жоқ. Мысалы, ішінара мынау көшенің жайы мынадай, мына жолдың жағдайы нашар дегендей сындарды айтып отыру керек. Адамның ішкі мәдениеті бар, журналист өзі де тым әрі кетіп қалмайды. Себебі шенеунік те бір адамның баласы, оны жерден алып, жерге салмаған жөн. Сондай бір қалыпқа түсіру керек, себебі оның уақыты келді. Журналист сонда өз мамандығын қызығып істейді, ол шындықты айтқан сайын қоғамның жүгі жеңілдейді.
 

709 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы