• Мәдениет
  • 01 Желтоқсан, 2022

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

МӘДЕНИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС  НЕГІЗІ – ТАТУЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының мәдениет атташесі Ван  Цинпин және Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының БАҚ  пен жұмыс жөніндегі маманы Чен Хуэйминь келді.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапха­насының директоры Бақытжамал Қайыр­бекқызы Оспанова Ван Цинпинге  жемісті ынтымақтастық, Қытай мәдениет және әдебиет орталығының жұмысына тұрақты қолдау көрсеткені, Қазақстан мен Қытай арасындағы достықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастырғаны  үшін алғысын білдірді.

Сондай іс-шаралардың біреуін ғана еске сала кетейік, Қытай Халық Республикасының «Ұлттар баспасы» және Қазақстанның «Ан Арыс» баспасының бірлескен жобасы негізінде әрі мәдениет атташесінің қолдау білдіруімен, осыдан бірнеше жыл бұрын қытай тілінен тікелей қазақ тіліне бірнеше кітап аударылған еді.

Қытай әдебиетінің аса көрнекті өкілдері Ба Цзиннің «Әулет», Мао Дунның «Түн» романы, Лао Шэнің «Түйе Шияңзы» романы, Шэн Цунвэннің «Шалғайдағы шаһар» повесінің қазақ тіліне аударылуы екі елдің рухани өмірі мен әдебиетіндегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға ретінде қабылданған болатын.

Сол кездегі бас консул Чжан Вэйдің: «Қытай елі әлемнің классикалық әдеби шығармаларын аудару жұмысына көп көңіл бөледі. Қазіргі таңда әлемнің 50-ден аса мемлекетімен классикалық туындыларды аудару туралы келісімге қол қойылды.  Қытай әдебиеті авторларының шығармалары дүниежүзінің 190-нан аса мемлекетіне таралған. Әлемнің аудармашыларын ынталандыру мақсатында Қытай үкіметі классикалық «Қытай автор» халықаралық баспа жобасы мен көп жылдар бойы қытай тіліне 5000-нан астам кітапты аудару және басып шығару жұмысын қаржыландырып келген «Жібек жолы әдебиеті»  баспа жобаларын арнайы ұйымдастырды» – деген еді. Жалпы кітаптардың тәржімалануы екі ел халқының бір-бірінің ұлттық тарихын, мәдениетін, қоғамын түсініп-білуін, өзара тәжірибе алмасуының бірден-бір тәсілі.

Қазақ қаламгерлерінің шығармаларын қытай тіліне аударылуына және жарық көруіне, шекараның екі жағындағы елдердің әдеби байланысын қамтасыз етуде «Ұлттар баспасының» қазақ редакциясы да үлкен жұмыс атқарып отыр. Бүгінгі күнге дейін қытай оқырмандары Абай мен М.Әуезов бастаған қаламгерлердің шығармаларымен танысуға мүмкіндік алса, жиыны 70-ке жуық өзге де қазақ қаламгерінің шығармасы қытай тіліне тәржімаланған.

Міне, сол әдеби-мәдени жалғастықтың үзілмеуіне ынталы тараптар кітапханадағы кездесуде жаңа жобалар туралы да айтты. Сондай-ақ сапар аясында Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана директорының кітапханалық  жұмыстар  жөніндегі орынбасары Ажар Хамитқызы Чен Хуэйминді Қытайдың мәдениет және әдебиет орталығымен таныстырып, оның қызметі туралы айтып берді.

Айта кетсек, Ұлттық кітапханадағы «Қытай мәдениеті мен әдебиеті залы» Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен Қазақстандағы Қытай Халық Респуб­ликасының Елшілігі арасындағы  Келісім негізінде  2004 жылы Қытай кітап бұрышы ретінде ашылған.  2016 жылдан бері Қытай мәдениеті мен әдебиеті залы болып аталып жүр.

Қытай мәдениеті мен әдебиеті залы:

1) Оқырмандарға барлық ғылым саласы бойынша Қытай және оның жекелеген провинциялары туралы ағылшын, қытай тілдеріндегі әдебиеттермен және  электронды басылымдармен  қызмет көрсетеді;

2) Екі ел арасындағы мәдени және әдеби ынтымақтастықты кеңейтеді;

3) Зерттеушілерге, оқытушыларға  және студенттерге Қытай мәдениетін зерделеу мәселелері бойынша кеңес береді;

4) Кітаптардың тұсаукесерлерін, дөңгелек үстелдер және т.б. көпшілік шаралар өткізеді.

 

«DIOR МУЗАСЫ: ШАНХАЙҒА ОРАЛУ»

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атын­дағы залында «DIOR МУЗАСЫ: Шанхайға оралуы» кітабының тұсаукесері өтті.

Экономика ғылымының докторы, дипломат Берлин Иришевтің «A Pearl of the Orient at DIOR» атты кітабы әйгілі Кристиан Диордың музасы, аты аңызға айналған париждік манекенші, этникалық қазақ қызы Алла Елшінге арналған. Алғаш рет «Dior музасы. Алла Ильчун хикаясы: адам әлемін жаулаған қазақ қызы» кітабы 2019 жылы  орыс тілінде жарық көрген. 2022 жылы қытай тіліне аударылып, Бейжіңдегі ең ірі «Citic Press Corporation» баспасында басылып шықты.

Кітап авторы Берлин Иришев тұсау­ке­серде кітаптың құрылу тарихы туралы айтып берді, сонымен қатар әйгілі сәнгерлердің Алла Елшін туралы айтқан пікірлері бар бейне материалдар көрсетіліп, оған арналған өлеңдер оқылды.

Қаны қазақ француз моделі туралы кітаптың шығуы 1,5 миллиард халқы бар  Қытайда ерекше бағаға ие. Алла Қуантханның әкесі қызын  1936 жылы Парижге Шанхай портында шығарып саларда, оны Шанхайға Шығыстың інжу-маржаны –  сән жұлдызы болып «қайтып оралады» деп ойлаған жоқ.

Бұл Франциядағы Қазақстандықтар қауымдастығы зеттеу тобының арқасында 86 жылдан кейін орын алды. Алматыда, Мәскеуде, Парижде және Бейжіңде деректі фильм шығарылып, кітаптар жарық көрді. Кітапта модельдің жеке басын ашатын, оның өмірі мен шығармашылық жолы туралы сыр шертетін мұрағаттық құжаттар жинақталған: отбасылық мұрағаттағы сирек фото-суреттер, жалғыз ұлы туралы естеліктер, сән тарихшыларының пікірлері, сондай-ақ халықаралық өнертанушы ғалымдардың сараптамалық пікірлері. Алланың тарихы мен тұлғасы әлемдік тұғырға қайта оралды.

«Кристиан Диормен жұмыс істегенде, Алла Ильчунге бүкіл әлем тамсанып қараған. Ол киіп шыққан киімдер көз ілеспес жылдамдықпен сатылып кететін. Фотомодель болып жүрген 20 жылда Алла Ильчунді әлем халқы қытай деп ойлап келді. Себебі ол Харбинде дүниеге келген, аумалы-төкпелі 1930-жылдары Парижге көшкен. Бірақ өмірінің соңғы жылдары модель журналистерге берген сұхбатында әкесінің қазақ екенін, Қуантхан Елшіннің қызы екенін мәлімдеген», – дейді кітап авторы.

Кітап қауымдастық мүшелерінің қаражатына жарық көрген және бастамашыл топ Алла Ильчун туралы ағылшын, француз, орыс тілдерінде жарық көрген мақалаларды жинаған.

«Мәлімет іздеу барысында Кристиан Диор мен Ив Сен Лоран сән үйлерімен байналыс орнаттық. Алла Ильчуннің қабірін тауып, жалғыз ұлы Марк Жост де Дюльменмен кездестік. Модельдің ұлы бұған дейін беймәлім болып келген деректермен және отбасылық фото-суреттермен бөлісті. Мұның барлығы жаңа кітапқа енгізілген», – дейді Б. Иришев.

 

ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Жақында «Самұрық-қазына» қоры Қазақстан өңірлеріндегі басым жобалардың екінші пакетін жасады. Тізімге құны 13 триллион теңгеден асатын 18 бастама енгізілген. 

Бұл жобалар Қазақстанның мұнай-газ, энергетика, теміржол және телекоммуникация жүйелерін жедел жаңғыртуға бағытталған. Олар елеулі инвестицияларды талап етеді, бірнеше жылға есептелген және ұзақ мерзімді экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуді жоспарлаған. Сондықтан олардың орындалуына стратегиялық холдинг ретінде «Самұрық-Қазына» жауапты. 
Сол жобалардың бірі – «Самұрық-Қазына» қоры Қытай мен Өзбекстанға жаңа темір жол желілерін салады.
Аягөз станциясынан (Абай ауданы) Қытаймен шекаралас Бақты пунктіне дейін жаңа темір жолы салынады. Бұл Қазақстан мен Қытай арасында үшінші темір жол өткелін құруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі Дарбаза станциясынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Өзбекстанмен шекараға дейін жаңа темір жол салынады. Бұл Ташкентті айналып өтетін жүктерді жеткізуге және Сарыағаш станциясы маңындағы қолданыстағы темір жол өткелінің жүктемесін түсіруге мүмкіндік береді.
Алматы темір жол торабын 40 пайызға жеңілдетіп, жүк тасымалдауды жеделдету үшін Алматының айналасында жаңа айналма жол салынады. Бұл жобалардың барлығы еуразиялық көлік-логистикалық хаб ретінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырады.
 «Аягөз станциясынан Қытаймен шекаралас Бақты пунктіне дейін жаңа темір жол салынады. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелін құруға мүмкіндік береді», – дейді Самұрық-Қазына АҚ өкiлi Ернат Бердіғұлов.

 

КӨРШІНІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕСІ КІМГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Қытайдың орталық банкі және валюталық реттеуші (форекс) 18 қарашада шетелдік институционалдық инвесторлардың Қытайдың облигациялар нарығына инвес-тициялауын одан әрі жеңілдету үшін облигациялар нарығына капитал салуы туралы ережелерді жариялады. Мұны «Xinhua Finance» агенттігі хабарлады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, күшіне енетін ережелер тиісті талаптарды ретке келтіріп, негізінен бес аспектінің мазмұнын қамтиды.  Олар: шетелдік институционалдық инвесторлардың Қытайдағы облигациялар нарығындағы инвестициясының капиталы бар операциялардың есебі, капиталды төлеу, алу және аудару, статистика және мониторингі үшін бірыңғай ережелер белгілеу. Шетелдік институционалдық инвесторларға есеп айырысу агенттіктері арқылы да, басқа үшінші тарап қаржы ұйымдары арқылы да спот форекс бойынша есеп айырысуға және сатуға мүмкіндік беретін есеп айырысуларды және спот форекс сатылымдарын басқару мүмкіндігі жетілдіріледі.

 Ереже шетелдік институционалдық инвесторлар үшін валюталық тәуекелді хеджирлеу арналарын кеңейту және биржадан тыс мәмілелердегі контрагенттер санына шектеуді алып тастау арқылы валюталық тәуекелдерді басқару саясатын оңтайландырады.

 Ережелер сонымен қатар тәуелсіз ұйымдарға арналған форексті басқару талаптарын анықтайды, Қытайдың облигациялар нарығына депозитарийлер немесе есеп айырысу агенттіктері арқылы инвестиция салатын егеменді ұйымдар, бұл жерде коммерциялық банктер туралы айтып отырмыз, банктерде тіркелуі керек.

Одан басқа, шетелдік институционалдық инвесторлар Қытай облигациялары нарығындағы инвестициялары үшін кіріс ақша аударымдарының валютасын таңдауда еркін болады.  Қытайдың Орталық банкі сондай-ақ рұқсат етілген трансшекаралық төлемдерде юаньді пайдалануды және трансшекаралық юаньмен есеп айырысуда Трансшекаралық банкаралық төлем жүйесі (CIPS) арқылы юань алуды және пайдалануды ынталандырады.

 Сонымен қатар сол білікті шетелдік институцио­налдық инвестордың (QFII) немесе юаньдағы QFII (RQFII) ішкі арнайы шотындағы капиталды Қытайдағы бағалы қағаздарға инвестициялау үшін, облигациялар нарығына капиталды инвестициялау үшін арнайы шотқа тікелей аударуға немесе одан аударуға рұқсат етіледі.

 

1554 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы