• Ақпарат
  • 08 Желтоқсан, 2022

Сөз жастарға…

Жақында Алматыдағы Қазақ ПЕН клубы жазушылар мен публицистердің үшінші Халықаралық форумын өткізді. Ішінде Максим Шевченко бастаған бізге белгілі жазушылар бар, 12 елден қаламгерлер шақырылыпты. 

Форум – «Сөз – жастарға. Жас-тар туралы сөз» деп аталды. Оған еліміздің қырық шақты жас жазушылары, ақындары, публицистері қатысты. Әрине, қатысушылардың жасы қырықтан аспаған болуы керек деген шектеу қойылды. Олар өз шығармаларын күні бұрын тапсырғандықтан, біршамасы өзге тілдерге аударылып, шетелден келетін қаламгерлерге жіберіліпті. 
Алғашқы күні жас авторларға қолдау көрсету, кәсіби дамыту мәселесі сөз болды. Сондай-ақ Б.Кенжеев, В.Карцев, Е.Абдуллаев, Э.Гер, М.Шевченко секілді қаламгерлер шеберлік сабақтарын өткізді. 
Екінші күні «Әдеби білім: мә­се­лелер мен оны шешу жолдары. Ұсы­ныстар» атты дөңгелек үстел өтті. 
Әрине, жастар да өз ой-пікірлерін білдірді. Бастысы – олар өз туындылары туралы аға буынның бағасын білді. Әлемдік әдеби ахуал туралы жаңа, тың, пайдалы мәліметтер алды. 
Қазақ ПЕН клубының прези­денті Бигелді Ғабдуллин осымен форумға үшінші рет демеушілік жасаған Алматы қаласы әкімдігіне алғыс айтты. 

1845 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы