• Ақпарат
  • 05 Қаңтар, 2023

Қазақпен бір туған халықтар

«Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөзді әріптестеріміз сонау тоқсаныншы жылдары жиі қолданушы еді. Қазір олай емес. Ол тіркесті әсіресе тарихқа қатысты қолданғанда немесе әйтеуір өткен шақтағы жағдайға байланыстырып сөйлегенде дөп келіп жатады. Өйткені халықтың тәжірибесінен туындаған жайларға қабысып кететіні бар. 

Әйгілі ғұлама Әлкей Марғұлан қазақ пен қарақалпақ бір туысқанын айтқанда, халықтың сөзіне сүйенген. Әрі тарихи деректерді негізге алған. Ең қызығы, қазіргі ДНК сараптамасын жасаған ғалымдар халық айтқан, сосын Әлкей Марғұлан келтірген пікірді дәлелдеп отыр. Қарақалпақ ұлты өкілдерінің тегін зерттеген ғалымдар, алғашында оларды қазақ екен деп ойлаған (ғалым Жақсылық Сәбитов). 
Зерттеушілердің пайымдауынша, тілі мен түріне қарап қазақ пен қарақалпақ халқын ажырату қиын. Қазаққа антропология мен генетика тұрғысынан ең жақын халық қарақалпақ сосын ноғай. Ноғайлардың аз ғана бөлігі қазақ арасына бас сауғалап келіп, аман қалғаны тарихтан белгілі. Саны қазаққа жетеқабыл сол бауырларымызды, Суворовтың мұздай қаруланған әскері сұмдық қырғынға ұшыратқанын да білеміз. (Егер сол Суворовтың және Кутузовтың фамилиясын тектесеңіз, олар да түркітекті болып шығады). Қазір ноғайлардың аз ғана бөлігі Ресейдің Шешенстан, Астрахань, Ставрополь өңірлерінде тұрады. 
Ноғайға қырғыздың генетикалық жақындығы жөнінен екінші, үшінші орында. Қырғыз тілі қыпшақ тобына жататындықтан тілі жөнінен де жақын. 
Негізі  қазақ, қарақалпақ, ноғай үшеуі ХVI ғасырға дейін бір халық болғанын зерттеушілер жоққа шығармайды. Тілдері қыпшақ тобына жататын, алты алаштың ішіндегі ең жақын туысқандар. Ноғай өзі бөлек мемлекет болып бөлінді. Ноғайлы өз заманында қуатты ел болғаны да аян. Саяси тұрғыда бөлінгенмен, тіл бірлігі қала берді. 
Алайда климаттық әсерлер болды. Ғалымдардың айтуынша, далалы жерде тіл еркін. Өзіндік үн сақталады. Ал таулы жерде адамдар дауысы естілу үшін қатты сөйлейтін көрінеді. Ноғайлар тұрған Қап тауларындағы халықтарда сондай әдет бар. Әрі қалалық мәдениет дамыған жерде, тілге сауда-саттық та әсер етеді.      
ХХ ғасырда Қазақстанды көбіне басқа ұлт өкілдері басқарғаны белгілі. Қазақ басшы дегенде, 1946 –1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Жұмабай Шаяхметовты еске аламыз. Автокөліктер жаңадан пайда болып жатқан  тұста, Жұмабай Шаяхметов көкеміз Қазақстан құрамындағы Қарақалпақстанға дейін машинамен барып қайтқаны айтылады. Яғни олар бізбен шектес жүрген. Дегенмен өзбек тілі әсер еткен. Өзбек, ұйғыр тілдері қыпшақ емес, қарлұқ тобына жатады. ХVI ғасырдан бергі арада өткен бес ғасыр қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарын көп өзгерткен. Сондықтан қазір бір халық деуге келмейді. Олай айту орыс пен украин­ды бір халық деген секілді қателік болар еді, деседі зерттеушілер.

1135 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы