• Ақпарат
  • 12 Қаңтар, 2023

ЖЫЛҚЫНЫҢ ТҮРІН БІЛЕМІЗ БЕ?

Құлын – жылқының алты айға дейін­гі төлі.

Жабағы – алты ай мен бір жас ара­лығындағы жылқы төлі.

Тай – бір жастан асқан, екі жасқа толмаған (еркек, ұрғашы) жылқы.

Арда – енесін екі жасқа дейін емген жылқы төлі.

Құнан – екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы.

Құнажын – екі жас пен үш жас аралы­ғындағы ұрғашы жылқы.

Байтал – үш жас пен төрт жас аралы­ғындағы құлындамаған ұрғашы жылқы.

Дөнен – төрт жасар еркек жылқы.

Сойтал – төрт жасқа шығар ұрғашы жылқы.

Бесті – бес жасар еркек жылқы.

Айғыр – үйірге түсетін аталық жылқы.

Сәурік – жаңадан үйір алған жас айғыр.

Саяқ – піштірілген тай, құнан, дөнен; үйірге қосылмай өз алдына бөлек жүретін тусыған бойдақ жылқылар; үйірден бөлініп, топтан шеттеген бірлі – жарымды бойдақ биелер.

Қысырақ – үйірге жаңадан қосыл­ған, әлі құлындамаған жас бие.

Қулық – тұмаса құлындаған жас бие.

Бие – аналық жылқы.

Қасаба – көп жасаған мама бие.

Мама бие – үйірдегі кексе, өрбіген ұрпағы көп сақа бие.

Саба бие – қарны «жер сызған», көп құлындаған бие.

Бедеу бие – құлындамаған бие.

Наз бие – әсем жүрісті, көрікті жарау бие.

Ат – ақталған жылқы.

Мәстек – бой тұрқы тапал, кішкене жылқы.

Қазанат – дене бітімі ірі, шымыр, мү­сінді, құйма тұяқ, ұзақ жолға шыдамды ат.

Сәйгүлік – шашасына шаң жұқ­паған жүйрік жылқы.

Саңлақ – ұшқыр, жүйрік ат.

Күйсіз-күлік (күлік-жүйрік) – бапсыз-ақ, әдейі жаратпай-ақ бәйге­ден озып келетін жүйрік.

Арғымақ – дене бітімі аса келісті, сұлу, сымбатты, жүрдек, асыл тұқымды жылқы.

Тұлпар – асыл тұқымды, аса төзімді, белді, жүйрік, батырлар мінген жылқы.

Жабы – қазақ жылқысының байыр­ғы тұқымы.

Тумыш – арғымақ пен қазақы жыл­қының буданы.

Қарабайыр – арғымақ пен жабының буданы.

Пырақ – аңызда айтылатын қанатты ат.

Дүлдүл /ақ боз ат, ұрғашы/ – 1. Аңыз бойынша Мұхамед пайғамбар мінген қасиетті ақ қашырдың атауы, кейде Әзірет Әлі мінген ат деп те түсіндіріледі.

2. Ерекше жүйрік, айтулы тұлпар.

Суын – аңызда айтылатын су жылқысы.

Бұрақ /пырақ/ – аңыздағы Мұхамед пайғамбар (с.ғ.с) мініп, аспанға ұшқан ат.

Саманай ШАМҒҰННЫҢ парақшасынан

 

2692 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №10

14 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы