• Білім және ғылым
  • 12 Қаңтар, 2023

МИНИСТРЛІК МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

«Бүгінде оқу оқу, озық үлгіде білім алу – өзіңді өзгелерден биік санау үшін емес, заманнан қалыс қалмау үшін керек екенін көбіміз түсінеміз.  Осы орайда министрлік сту­денттерді тың әрі өзекті ақпарат­тармен қамтамасыз етуді, жаңа мүмкіндіктер ашуды жалғастыра бермек. Оның ішінде Coursera-ның онлайн курстары да бар». Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі жазбасында жария етті.

2012 жылы Стэнфорд универси­тетінің профессорлары Дафна Коллер мен Эндрю Ын құрған ғаламдық онлайн оқыту платформасы әлем бойын­ша 77 миллионнан астам студентті қамтиды. 275 жетекші университетпен және компаниямен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

–АҚШ-қа жұмыс сапарым  барысында бүгін «Coursera» басшысы Джеф Магионкалда мырзамен кездесіп, ортақ жобамыз бойынша сұрақтарды талқыладық.

Бұл жоба Қазақстан Прези­дентінің 2022 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркке сапары кезінде іске қосылған болатын. Кездесу ба­рысында екі жаққа да тиімді уағ­да­ластыққа қол жеткізілді.

Келісім бойынша бағдарламаның бірінші кезеңі осы айда басталады. «Coursera» курстары 25 өңірлік университеттегі 20 000 қазақстандық студентке қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта жаһандық білім беру платформасының бағдар­ламалау және цифрландыру, математика, физика, маркетинг және басқа да салаларды қамтитын 50 курсы қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Басым курстардың тізіміне АҚШ, Еуропа және Азияның жетекші университеттерінің бағдарламалары да кіреді.

Министрлік командасы бағдар­ламаны 600 курсқа дейін кеңейтіп, оларды қазақ тіліне бейімдеумен айналысуда. Алдағы үш жылда 100 000 қазақстандық студент пен өзге де пайдаланушылар «Coursera» платформасына қол жеткізе алады.

Айта кету керек, Stanford University-де оқитын Қазақстандық сту­­денттер платформаның барлық мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып жүр. Бүгінгі кездесуде олардың да пікірлерін сұрадым. Аталған платформа оқу жоспарларындағы олқылықтарды толтыруға және дип­ломдық бағдарламаларды еңбек нарығымен тікелей байланысты­руға көмектеседі. Іс жүзінде біздің студенттерге мансаптық мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. «Coursera» жобасы жұмыс берушілерге де пайдалы болмақ.

Бүгін сондай-ақ, Стэнфорд универси­тетінің профессоры Даниэль Шварцпен де кездестім. Оған еліміздегі жоғары білім жүйесі, ғылымды дамытудың ұлттық басым­дықтары туралы әңгімелеп, ын­тымақтастық орнатуды ұсындым. Ал профессор Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қажетті бірнеше практикалық ұсы­ныстар берді, – дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Н. БЕЙСЕМБАЕВА

 

818 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы