• Руханият
  • 19 Қаңтар, 2023

Вахтанг КИКАБИДЗЕ: ГРУЗИЯ – ӨТЕ ҚОНАҚЖАЙ ЕЛ. БӘЛКІМ, БІЗДІҢ КЕМШІЛІГІМІЗ ДЕ ОСЫ БОЛАР

Шын мәніндегі ұлт зиялысы, тұл­ғасы қандай жағдайда да өз ойын бүк­песіз білдіре алатын, елге дұрыс бағдар беруші адам. Жарықтық,рухың шат болғыр, ұлы Багра­тионның ұрпағы, бәрімізге етене ыстық Вахтанг Кикабидзе сондай тұлға болды. Ресей басқыншылығы кезіндегі мына сөзі соның бір дәлелі.

 

– Менің үш немерем, бір шөберем бар. 2008 жылы танктер Гориге жақындағанда маған жеделхат келді. Ресей Президенті мені «Халықтар достығы» орденімен марапаттапты. Егер сол орденді қабыл алсам, немерелерімнің көзіне қалай қарар едім? Себебі біз әулетімізбен отырып, теледидардан ауыр артиллерияның елге кіріп келе жатқанын көрдік.Сондықтан мен марапаттан бас тарттым. 2008 жылдан бері мен Ресейдің бірде-бір қаласына бармадым.Концерт те беруден бас тарттым. Содан бері Ресейден көп хат алдым. Олар мұның бәрін саясатқа теліпті. Алайда мен бірінші кезекте өз елімнің азаматы емеспін бе? Мемлекет шағын болса да ол, ең алдымен, сол елдің перзенті. Адам өзінің уақытша құбылыс екенін түсінгені абзал, соңынан лас сөз қал­дырмау керек... Адам өзіне, еліне қиянат жасаған адамға ән айтпауы керек.

...Екі ел ынтымақтастық қарым-қатынаста болып, бір-бірін құрметтей білсе жақсы ғой. Ал Ресей мен бізде құрмет те, қадір де жоқ. Есесіне ресейлік етік бар. Бір жағдай бола қалса, ол белден басады, «грузиндер өз-өзіне келіп, ес жиғанша» қысым жасайды...

– Мен солай ойлаймын. Өйткені қонақтарды ашық-жарқын қарсы аламыз, шығарып саламыз. Не үшін, неліктен деген сауалдың байыбына бара бермейміз... Біз үшін ең бастысы – мейманымыз риза болса болғаны.

Осы қасиетіміздің арқасында абыройымызды жоғалтып жүрміз. Жұдырық­пен бірден үстелді қойып қалып, мінез көрсете алмаймыз. Қоғам екіге бөліне бастағанда бірден түсіндім – ойын Кремльдің заңы бойынша жүріп жатыр... Біздің билікте санасы ресейшіл бір жетекші бар дейді.

...Грузиндер өз болмысында агрессор халық емес.

(«Комсомольская правда, 02.07.2019).

 

701 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы