• Мәдениет
  • 26 Қаңтар, 2023

Үздік фильмдер қазақ тіліне аударылады

Үздік фильмдерді қазақ тіліне аудару мәселесін Мәдениет және спорт министрлігі қолға алатын болады. Мұны алқа отырысында Алтай Көлгінов мәлімдеді.

«Министрлік үздік фильмдерді қазақ тіліне аудару мәселесін қолға алуы тиіс. Жас-тар және балалар қызыға тамашалайтын фильмдердің қазақшалануы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге оң әсерін тигізетін болады. Жалпы киноөндіріс саласын дамытуда тиісті қауымдыстықтармен бірлескен жұмысты жандандыру керек. Осы орайда, Мемлекет басшысы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясын қазіргі заманға сай модернизациялауды тапсырды. Бұл бағытта нақты жоспарлар жасалған, оны тағы да пысықтап, тиянақты іске асыруды сұраймын», – деді Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар ол басқа да коммерциялық жобалардың қоғамдық нормаларға қайшы болмауы министрліктің назарында болуы тиіс екенін тапсырды.
«Мәдениет саласын дамытуда кино индустрияның әлеуеті зор. Себебі халық арасында тартымдылығына байланысты – кино мемлекеттік мәдениет саясатын іске асырудың пәрменді құралы. Бізге киноның басты көрермені саналатын жастар арасында отансүйгіштікті, еңбекқорлықты, отбасылық құндылықтарды, жауапкершілікті, салауатты өмір салтын, білім алуды насихаттайтын тартымды картиналар керек. Министрлік мемлекеттік бюджет есебінен түсірілетін фильмдердің осы талаптарға сәйкес болуын қатаң бақылауға алуы керек», – деді А.Көлгінов Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде.
 

437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы