• Қоғам
  • 09 Ақпан, 2023

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАНША ҚАНДАС КЕЛДІ?

2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 1 539 қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр­лігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы 1991 жылдан бері респуб­ликаға 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50%) Өзбек­станнан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден келген.

Олар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы канди­даттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ болып есептеледі.

Н. БЕЙСЕМБАЕВА

523 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №21

22 Мамыр, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы