• Мәдениет
  • 09 Ақпан, 2023

«ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН ТАҒДЫР»

Алматыда тарих ғылымының докторы,  профессор Гүлжаухар Көкебаеваның «Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Аталған шараны Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымының кандидаты Шәмек Тілеубаев жүргізсе, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технология­лар және инновациялар жөніндегі орынбасары Нұрия Аманғалиқызы құттықтау сөзбен ашты.

Тарих ғылымының докторы, профессор Гүлжаухар Кәкенқызы бұл еңбек – Германияның Түркістанға қатысты саясатын талдауға және түркістандық соғыс тұтқындарының тағдырын анықтауға арналған алғашқы кешенді зерттеуінің нәтижесі екенін атап өтті. Монографияда Германия, Польша және Ресей архивтерінен жинақ­талған құжаттық деректер пайда­ла­нылған. Архивтік құжаттардың басым бөлігі ғылыми айналымға алғаш рет енгізілген.

Кітаптың тұсаукесеріне Ш.Уәли­ханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Қайдар Сейсембаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Айтылған тарих» ғылыми орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің деканы, тарих ғылымының докторы, профессор Досбол Байғонақов, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымының кандидаты Сәбит Шілдебай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты, профессор Рыскелді Мырзабекова және Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының докторанты Еркін Стамшалов сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық жобасы аясында жарық көріп отырған монографияда Екінші дүние­жүзілік соғыс кезіндегі түркістандық соғыс тұтқындарының  тарихы мен тағдыры зерттелген. Отандық тарих ғылымында аз зерттелген мәселелер қатарына жататын тақырып бойын-ша ұсынылып отырған кітапта Германияның, Польшаның, Ресейдің архивтерінен алынған тың деректер негізінде түркістандық соғыс тұтқындарының Үшінші Рейх жаулап алған жерлердегі лагерлердегі ауыр жағдайы, нацистердің Түркістанға қатысты көзқарасы, тұтқындардың талқыға түскен тағдыры баяндалған.

Бұл еңбек – Германияның Түр­кістанға қатысты саясатын тал­дауға және түркістандық соғыс тұтқындарының тағдырын анықтауға арналған алғашқы кешенді зерттеу. Монографияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен түркістандықтардың тарихы соғысушы мемлекеттердің соғыс тұтқындарын ұстаудың халықаралық-құқықтық нормаларын бұзуы тұрғысынан зерттелген.

Ақбота ҚУАТОВА

521 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №36

12 Қыркүйек, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы