• Мәдениет
  • 16 Ақпан, 2023

Шыныққан шаңғышылар

Халқымызда «Бірінші байлық - денсаулық», «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөздер бар. Ал сол байлықты баянды, бақуатты ұстап тұру әр адамның өз қолында.

 

– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек.. Бұқаралық спортты дамыту – пира­мидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі  саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағытты заң­намалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек, – деген еді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Президент тапсырмасына орай Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірлеген болатын. Ол жоспар 5 басты бағыттан тұрды: нормативті-құқықтық қамтамасыз ету, мектеп және студенттік спорт, спорттық желілерді кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық-бұқаралық шараларды көбейту.

Міне, сондай шаралардың бірі  Алматы облысы Райымбек ауданы  Сарыжаз ауылында шаңғы жарысынан облыс чемпионаты болып өтті. Аталған іс-шараға облыстың барлық өңірінен 10 командадан, 150-ден аса спортшылар қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орын  – Талғар ауданы (778 ұпай), 2 орын – Райымбек ауданы (708 ұпай), 3 орын – Еңбекшіқазақ ауданының (659 ұпай) шаңғышылары жеңіп алды. Сондай-ақ жас ерекшеліктері бойынша әр шақырым бойынша жарыс өтті. 18-23 жас аралығында ерлер арасында (3 шақырым) 1-орынды – Қуандық Ержанат Талғар ауданы (9 минут 06 секунд), 2-орынды – Жайырбек Қуатбек Райымбек ауданы (10 минут 25 секунд), 3 -орынды – Болат Нұржан Кеген ауданы (11 минут 28 секунд) жеңіп алды.18 - 23 жас аралығында әйелдер арасында (1,5 шақырым) 1-орынды – Надежда Пивоварова,  Талғар ауданы (5 минут 34 секунд), 2-орынды – Оразбай Амина Еңбекшіқазақ ауданы (7 минут 06 секунд), 3-орынды – Төлеуғазы Аяулым Қарасай ауданы (7 минут 12 секунд) иеленді. Сондай-ақ ерлер және әйелдер арасында 24-30,  31-40, 41-50, 51-62 жас аралығы және  63 жастан жоғары ерлер , әйелдер арасында  1,5-3 ша­қырым арасында  жарыс өтті.

Жарыс жеңімпаздарымен жүлде­гер­лерін Алматы облыстық спорт бас­қар­ма­сының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев пен Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев құттықтап, медаль, әртүрлі дәрежелі диплом және кубокпен марапаттады.

Нұрболат  АБАЙҰЛЫ

 

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №40

10 Қазан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы