• Мәдениет
  • 23 Ақпан, 2023

Өзбек тілінде жарық көрді

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, профессор Құлбек Ергөбектің «Адамның бір қуанышы – бала» кітабын аудармашы Долимжон Сайфуллаев өзбек тіліне аударды.

 

 Құлбек Ергөбек қазіргі қазақ-өзбек әдеби байланысының алтын көпірі іспетті қаламгер. Ол Міртемір Тұрсынов, Оділ Якубов, Насыр Фазиловтың мерейтойлық іс-шараларын ұйымдастырудың басы-қасында жүрген, қазақ-өзбек мәдени-рухани қарым-қа­тынастарының тереңдеуіне себепкер болған жазушы.

Кітап «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі, Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бір­лестігінің құрметті төрағасы Шамирза Мадалиевтің редактор­лығымен жарыққа шықты.

Аталған еңбек Құлбек Ергөбек­тің түрік тілдеріне аударылып,  жа­рық көріп отырған жетінші кі­табы. Кітапта түрік ұлты мен ұлыс­­тарының балалар әдебиеті тұтас контексте қарастырылған.

877 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №49

12 Желтоқсан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы