• Ақпарат
  • 16 Наурыз, 2023

«Шәлкөдем менің, Шәлкөдем»

Алматы қаласының төріндегі Ұлттық кітапханада «Шәлкөде мектебі-100 жыл: бүгіні мен даму болашағы» деген тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Аталған шара басталмас бұрын қонақтар мектеп мұражайынан апарылған жәдігерлермен қоса, аудандық «Хантәңірі» газетінің мектеп тарихына байланысты тігінділерінен жинақталған көрмені тамашалады. Келген қонақтарға «Сазген» фольклорлық ансамблі  әдемі ән-күйлерімен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шараға үлкен ғалым ағамыз Әужан Сақабеков бастаған бірнеше ғалымдар легі, мектептің басшылығында ұзақ жыл еңбек еткен Жақан Мұқаев, Әкпаржан Ақылбаев,Әмина Әлімжанова, қарт ұстаз Тілеухан Алғазиев т.б ауылдан арнайы келген мектеп мұғалімдерімен бірге мектеп түлектері қатысты. 
Конференцияны Ұлттық кітапхананың төрайымы Бақыт­жамал Қайырбекқызы кіріспе сөзбен ашып, мектеп, ауыл кітапханашыларын марапаттау-мен бастады. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Алғыс хатымен мектеп ұжымы, мектеп кітапханашысы Майра Исенбае-ва арнайы төсбелгімен, ауыл кітапханашысы Дариға Абиырова мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ыбырай Алтынсарин атын­дағы Ұлттық білім академиясы «Ауыл мек­тебі» лаборато­риясының мең­геру­шісі, филология ғылымының кандидаты Алмагүл Наурызбайқызы іс-шараға сәттілік тіледі.
 «Шәлкөде-100:ізденістер мен іркілістер» деген тақырыпта Нұрлан Құлмұханбетов кең көлемде баяндама жасады. 55 минуттық бейнефильм көрсетілді. Талант Арғынғали жырдан шашу шашты.
Ардагер ұстаз Т.Алғазиев өзі оқыған кездегі мықты мұғалімдер туралы айта келіп, мектептегі математика сыныбының ашылу тарихына шолу жасады.Химия пәнін тереңдете оқытуда К.Тайбағарованың алдынан 10 ғылым кандидатының шыққанын ерекше ризашылықпен айтып өтті.
Аудан мектептеріндегі ғылыми жұмысқа қатысудың барысы жайлы анықтамамен Ж.Әкімбаева таныстырып өтті.Күлән Ермекова атты ғалым апамыз француз тілін оқыту барысында жазған ғылыми жұмыстарымен көп­ші­лікті таныстырды. Жақан Мұқаев аға мектептегі атқа­рылған жұмыстарға тоқталды. Республикалық музейлер бірлестігінің төрағасы Әнуар Үмбеталиев ауылдағы мектеп мұражайының төрайымы Ш.Нұрылденқызын алғыс хатпен марапаттай отырып, мұражайға біраз жәдігерлерді сыйға тартты.
Филология ғылымының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы тікелей эфир арқылы көпшілікті құт­тықтап,еңбектеріне жеміс тіледі.
Үлкен ғалым Әужан Са­қабеков ағамыз «Әліппені» Әсем Тоқанбаева үйретті, ол өмір­ден қайтқан соң, Мұқағали Мақатаев,1956 жылы айдаудан келген Мәлікаждар атамыз сабақ берді.Мәлікаждар ата ерекше жан болатын. Маған бағыт-бағдар берген Ынталы Құсайынов болды» деп естеліктер айтты. Астана қаласынан қосылған Бектас Ғаниұлы өзінің атасы Бостанов Нұртәліптің ұстаздық жолына тоқталды. Бостановтар әулетінен жеті ғалым шыққанын ескерсек, бұл әулетті «Ғалымдар әулеті» десек артық айтпаймыз.Бектас өз сөзінде атасының балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевқа дәріс бергені жайындағы қызықты деректі көпшілікке ұсынды.  
Ауыл ақсақалы Марат Әмір­баев ағамыздың да естеліктері мен ұсыныс-пікірлері құнды болып шықты.Сексенге келіп отырған Стахан ағамыз өзінің Байтұма Тұраровтың шәкірті екенін, қазақ тілі мен әдебиетінен Лашын Әзімжанованың сабақ бергенін  үлкен мақтанышпен еске алды. Қарт ұстаз Әкпаржан Ақылбаев жас мұғалімнің қан­дай болу керектігі жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Жи­налған қаржының есебі жайлы анықтаманы Майра Тұрсынқызы жасады. 
Дәстүрлі әнші Тілеулес Құрманғалиұлының шәкірттері әдемі әндерімен көпшілікті риза етті.Конференция өз мәресіне жетті.Бибол Абайұлы Шарғын атамыздың «Балаларыма», Бауыр­жан Фархатұлы Д.Рақышевтің «Шәлкөдем менің, Шәлкөдем»  әндерін орындап, өтілген шараның көркін кіргізді.Кеш соңын «Жыр керуені» атты өлең байқауына қатысқан ақын Хамит Сауатұлы туған жерге арнап шығарған жаңа өлеңін оқыды.Көпшілік шараны ұйымдастыруға атсалысқан ұл-қыздарға дүйім көпшілік алғысын білдірді.

Хамит Тарақов
 

463 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы