• Ақпарат
  • 16 Наурыз, 2023

«АҚ БОЗ ҮЙ» ШЕРЛІ СЫРДЫ ШЕРТЕДІ

30- наурыздан бастап Қазақстан қалаларындағы «Кинопарк» кинотеатрлар жүйесінде көрермендер көптен күткен ашаршылық туралы «Ақ боз үй» көркем фильмі экранға шығады. Фильм жазушы, Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты Смағұл Елубайдың көпке танымал «Ақ боз үй» романы бойынша түсірілді. «Ақ боз үй» көркем фильмі Түркияда өткен Қорқыт Ата кинофестивалінің жүлдегері.  Ре­жиссері – Бегарс Елубаев. Басты рөлдерде – Қайрат Кемалов, Күлжәмила Белжанова ойнаған.

«Режиссер Бегарс Елубаев өзінің шығармашылық мол қуатын, шебер қолтаңбасын кинода таныта білген. Осы фильм арқылы біз киноны жаңа сапалық деңгейде көрдік.Бір жарым сағат бойы қасымда жайғасқан бейтаныс кексе әйел қайта-қайта бет орамалын көзіне басып, тұншығып өксумен болды.Міне, кино құдіреті, міне, өнер магиясы! Фильм үшін осыдан артық мақтау, осыдан артық жоғары баға бар ма, – дейді жазушы Тұрысбек Сәукетаев:
– «Біз бұл фильмнен киноның, сөздің құдыретін көрдік», – дейді жазушы Адольф Арцищевский.
«Ақ боз үй» фильмі 1922 жылғы ашар­шы­лықтың 100 жылдығына , 1932 жылғы ашаршылықтың 90 жылдығына арналып Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен түсірілді. Фильм арада 100 жыл өтсе де ресми жоқталмай келе жатқан қиянатшыл «қызыл қырғынның» 5 миллион құр­банын жоқтау». «Ақ боз үй» жоқтаусыз кеткен, жаназасы оқылмай, сүйектері ша­шылып қалған миллиондардың аруағы алдындағы 1,5 сағаттық үнсіздік. 
Қазақтың қаралы ақтаңдақ жылдарын көз алдыңа әкелетін фильм 30 наурыздан бастап экранға шығады. 100 жыл жасырылып келген тарихты көзбен көруге болады. Киноның құдіреті сол. Бұл жас үшін де, жасамыс үшін де маңызды. Тарихи жадымыз тіріледі. Ал тарихи жады тірілген ұрпақ тәуелсіздігімізді тұғырлы етеді. Қазақтың «Ақ боз үй» киносы шерлі сырды шертеді. 

Н.БЕЙСЕМБАЕВА
 

1207 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы