• Ақпарат
  • 16 Наурыз, 2023

«Қазпошта» жауап берді

«Ана тілі» газетінің оқырмандарына басылымның дер кезінде жеткізілмеуіне байланысты «Қазпошта» АҚ басшылығына мәселе көтеріп, дабыл қаққан едік. Осыған орай редакцияға «Қазпошта» АҚ мекемесінен арнайы жауап келді.

– «Біздің мамандар газеттердің уақтылы ­жет­кі­зілмеу себептерін анықтады. Солардың бірі – ­жа­­зылымды қабылдау кезінде индекстің дұрыс көр­сетілмеуі болып отыр. Осыған орай, «Ана тілі» газе­тінің оқырмандарына газеттер дұрыс мекен жайлар бойынша қайта жөнелтілетін болады. Осы басылым бойынша жеткізу қызметі бақылауға алынды және бұдан былай дұрыс жүзеге асырылады деген ойдамыз. 
Жалпы мұндай жағдайлардың алдын алу үшін, біз жазылымды қабылдау кезінде қателіктер жіберген мамандармен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік».

«Қазпошта» АҚ

777 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы