• Ақпарат
  • 16 Наурыз, 2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты

Қадірлі қауым! Ардақты ағайын!


Баршаңызды түркітілдес халықтардың мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ аясындағы Темірбек Жүргенов жылының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Темірбек Жүргенов ұлт рухания-тын өркендетуге ерекше үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол еліне адал қызмет етіп, отансүйгіштіктің озық үлгісін көрсеткен хал­қымыздың біртуар перзенті.
Темірбек Қараұлы халық ­ағар­ту комиссариатын басқарған кезде мектеп салу ісіне көп көңіл бөлініп, жұрттың жаппай сауатын ашу ісі жанданды. Қазақ мектептері туралы арнайы қаулы қабылданып, жас жеткіншектердің ана тілінде білім алуына мүмкіндік туды. Сондай-ақ ол мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосты. Еліміздегі алғашқы музыка ­театрын ұйымдастыруға тікелей атсалысып, қазақ өнерінің қанат жаюына ықпал етті. Дарынды жандардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасады.
Халқымыз Темірбек Жүр­ге­новтің елге сіңірген ерен еңбе­гін ешқашан ұмытпайды. Төл тарихымызда өшпес із қал­дырған тұлғаның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. ТҮРКСОЙ ұйымы аясында түркі жұртына ортақ бірегей тұлғалардың ғибратты ғұмыры, еңбек жолы әрдайым дәріптеле береді деп сенемін. Баршаңызға амандық, толағай табыс тілеймін!

795 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы