• Cұхбаттар
  • 18 Мамыр, 2023

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді»

Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың болашағы. Сондықтан бүгінгі ата-ана баланы тал бесіктен тәрбиелеп, оның жан-жақты дамуы үшін балабақша мен түрлі дамыту орталықтарына береді. Әл-Фараби бабамыз «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген. Ал бүгінгі балалар қалай тәрбиеленуде? Біз осы орайда Алматы қаласындағы №181 балабақшаның меңгерушісі Айжамал Ибраеваны аз-кем әңгімеге тарттық.
 

– Айжамал Тынысқызы, баланың қалып­тасуы да, ұрпақтың өсіп-өркендеуі де отбасынан басталады. Дегенмен бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі қандай?
–Балабақшада тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Оқу мен тәрбие бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазына осы екі үрдісті бірдей алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Бүгінгі баланың болмысы бөлек. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Сондықтан қазір балабақша қызметкерлеріне жауапкершілік екі есе артып отыр дей аламын. Жалпы бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу. Ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
– Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды?
– Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаны білгісі келеді. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге. Ал бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі бала-бақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан-жақты жетіледі. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиетін дамытуды балабақшадан бас-тауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар: ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы, тәй-тәй технологиясы, Монтессори технологиясы, Зайцев технологиясы және дамыта оқыту технологиясы дер едім. 
–  Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» деген тамаша сөз бар. 
– Бұл – мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шынында да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп келген алғашқы сәттен басталуы керек. «Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады» деседі. Ендеше, жас сәбиді алғашқы күннен бас­тап тәрбиелеу керек. Әрине, баланың тәрбиесі отбасынан басталады. Дегенмен, тәрбие ретінде балабақшаның да алатын орны ерекше. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата-ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттің қалыптасуына жол бастайды. Балаларды еңбексүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.
– Өз-өзіне қызмет етуді де осы балабақ­шадан үйренеді емес пе?
– Иә, оныңыз рас. Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір-біріне көмектеседі, «рақмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға баулимыз. Балалардың өзара ұжымда қарым-қатынастарын қалыптастырамыз. Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықты жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау сияқты дағдыларды үйренеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам, т.б. дайындауға көмектесуі жатады. 
– Үйдегі бала мен балабақшаға баратын балалардың айырмашылығы болатыны қаншалықты рас?
– Балабақшаға баратын баланың қызы­ғушылығы, қарым-қатынасы, мінез-құлқы, бағдары мен қажеттілігі, мотивтері, бейімділіктері т.б. қалыптасады және өзгереді. Мұның барлығы баланың санасын есейтеді. Бұл жерде баланың физиологиялық, психикалық дамуының, жас ерекшелігі есепке алынады. Мәселен, ата-аналар балаларын жиі мақтаса, бала өзін тым ерекше сезініп, өзімшіл болып кетуі мүмкін. Оның залалын бала өсе келе көрсете бастайды. Ал кейде тіпті керісінше, оның істеген ісіне, талап-талпынысына мән бермей қою және немқұрайлы қарау баланың еңбектенуге деген құштарлығын жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан мақтауды бала тәрбиесінде орынды қолдану маңызды. Онсыз бала мінезі басыла береді. Әрине, қазіргі біздің қоғамымызға батыстық үрдістің тереңдеп енуіне байланысты қоғамда болып жатқан жаһандану тенденциясына қарай, қазіргі балалардың психикасының бұзылуы олардың мінез-құлқы мен өмірлік бағдарының, құндылықтарының өзгеруі байқалады. Атап айтсақ, баланың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы, ата-аналар тарапынан тәрбиенің толыққанды болмауы, ақпараттық технология құралдарын баланың өз еркімен қалауынша қолдануы – оның өзімшіл, ашушаң, ұрысқақ, қатыгез болуына, жанашырлық сезімін іркіп қалатынына ықпал ететіні сөзсіз. Бала тәрбиесінде мейірімнің маңызы ерекше. Жақсы да, жақсылық та жалпыға ортақ.
– Кейбір ата-ана бала тәрбиесін балабақ­ша мен мектептептік теліп қойған жоқ па осы?
– Бала үшін дүниедегі ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата-анасы. Ал ең әдемі, жарық жер – өз үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орны ерекше. Сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Ал тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Жол сілтеп, жетелеп, үйретуші – тәрбиеші. Балабақшадағы тәрбие қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір-қасиеті мол, физикалық және  моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастыруды мақсат етеді. 
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ

4149 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №20

23 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 10624

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 5444

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 5093

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4453

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты: Әділетті қоғам құру – парызымыз

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4422

Еділхан ӘМІРҒАЛИЕВ, техника ғылымының докторы, профессор: Технологиялық өркениет заманы басталды

  • 18 Сәуір, 2024
  • 4236

Алишер Сатвалдиев, Парламент Сенатының депутаты: Алпыс күн тасыған дария, алты күннен кейін қайтады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 3009

Назипа Шанаи: Ана мектебі арқылы ұл да, қыз да дұрыс тәлім алады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 2964

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы