• Ақпарат
  • 18 Мамыр, 2023

Музей: мезет және мыңжылдық

Әсел Сарқыт,

«Ana tili»

18 мамыр – Халықаралық музей күні. Халықаралық музейлер кеңесі 1977 жылы өткен бас конференцияда осы атаулы күнді бекітіп, сол жылы тұңғыш рет Берлин қаласында «Музей түні» өткізілді. Содан бері бұл іс-шараның дәстүрі бұзылған жоқ. Жыл сайын еліміздегі музейлер де осы күннің қарсаңында арнайы іс-шаралар өткізіп, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, этнографиясы мен өмір салтына қызығатын әр жанды құшақ жая қарсы алады. Еліміздегі музейлердің әр жәдігерінің өз тарихы, шертер сыры бар. Елді елең еткізетін ерекше экспонаттар да жетерлік. Солардың бірнешеуін ғана мысалға алсақ.

Алтын адам – темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің алтынмен апталған сауы­ты. «Алтын адамның» киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилінде» жасалған. «Алтын адамның» бас киімі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі. Белбеуінде аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын плас-тиналар жапсырылған, қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Жәдігер бұрын Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейде сақталған еді. Қазір Ұлттық музейдің Алтын адам залына көшірілген. Алтын адам – қазақ музейлерінің баға жетпес, құнды жәдігерлердің маңдайалдысы деуге де болады.

 

Ұлттық музейде Абылай ханның шапаны да сақтаулы тұр. Ханның шапаны қызыл күрең түсті пүліштен, астары жібек матадан тігілген. Шапанның жағасы, өңірі, жең жиектерінде алтын жіппен екі қатар сызық жүргізіліп, ортасына «толқын» тәрізді өрнектер бейнеленген. Ішкі сызықты бойлай шырмауық гүл үлгісінде ою салынған. Қазақтың ауыз әдебиетінде Абылай ханның шапаны мұра болып Уәли ханға ауысқан, Уәли хан қайтыс болғаннан соң бәйбішесі Айғаным Байдалы биге тарту еткені туралы дерек айтылады. Шапанды Байдалы бидің ұрпағы Хамза Сәтжанов 2007 жылы ҚР Президенттік Мәдениет орталығына өткізген. Абылай ханның шапаны Ұлттық музейдің тарихи құнды жәдігерлерінің бірі қатарында.

 

 

Саяси жер аударылған «халық жауларының» әйелдерін АЛЖИР лагеріне тасыған «Сталин вагоны» АЛЖИР музейінің алдында тұр. Халық арасында оны басқа атпен, «Қызылша» деп атаған. Ол 1924 жылы астық тасу мақсатында шығарылса, 1937 жылдан бастап тұтқын әйелдер тасуға пайдаланылған.

 

 

Ұлттық музейдің Қазақстан тарихы залында тұрған Абай Құнанбайұлының құтысының музейге берілу тарихы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Абайдың достары Н.И.Долгополов пен Н.М.Лобановский 1883 жылы Семей қаласында тұңғыш «Өлкетану музейін» ұйымдастырады. 1885 жылы Абай қазақтың этнографиясын таныту мақсатында, қазақтың баспанасы киіз үйден бастап жиыны 60-тан аса құнды дүниесін тапсырады. Сол құнды жәдігерлердің бірі – осы құты.

 

 

«Әзірет Сұлтан» қорық музейінің нумизматикалық жәдігерлер коллекциясында Шыңғыс хан атынан соғылған алтын динарлар бар. Тиын музей қорына 2006 жылы келген. Дүниежүзіне Самарқанда соғылған Шыңғыс хан лауазымы жазылған екі тиын ғана белгілі. Олардың екеуі де Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Эрмитажда сақтаулы. Бірақ біздің елдегі музей қорындағы тиынның типологиялық қатынасы ол тиындардан өзгешерек. Тиын бетіндегі Женгиз сөзінің тек ортаңғы екі әрпінің сақталып, алғашқы және соңғы әріптерінің жойылып кетуі, бұл сөздің Менгу-Мөңке атауы болуы да мүмкін деген ойға жетелейді. Бірақ, Мөңке қаған атымен соғылған тиындарда Менгу атауы тек қаған лауазымымен ғана беріліп отырған. Ал бұл тиындағы атауы хан сөзімен берілген.

 

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейіне барсаңыз, Бөгенбай батырдың дулығасын көресіз. Дулыға бұған дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданы Малтабар ауылының тұрғыны, батырдың тікелей ұрпағы – Жабай Батырқожаұлының үйінде сақталып келген. Оның атасы Кенжәлі Кеңес өкіметі кезінде ұрпақтарына «батырдың дулығасын үйден шығармаңдар, ол туралы ешкімге айтпаңдар» деп қатаң ес-кертіп, болашақ ұрпаққа аман жеткізуді тапсырған көрінеді. Бұл әулетте Бөгенбай батырдың дулығасымен бірге сауыты да болыпты. Бірақ уақыт өте келе шынжыр бұйым тоттанып шіріп кеткен соң, оның қалдықтарын ырымдап елге таратып берген екен.

 

 

Алып мүйізтұмсықтың қаңқасы – «индрикотериум» – өткен ғасырдағы олжа. Қаңқаның көшірмесі Табиғат музейінде. Байырғы фаунаның тағы бір көрнекті түрі – Азияда тіршілік еткен жыртқыш динозавр, тиранозавр Рекстің жақын туысы Тарбозавр. Республикамызда тиранозаврдың сүйек қалдықтары өткен ғасырдың 70-жылдары табылған. Табиғат музейінде зілдің, түрлі алып балықтардың, Қазақстанда кездесетін түрлі жануарлардың қаңқасы мен тұлыбын көруге болады.

7887 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №20

23 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 10633

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 5451

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 5102

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4462

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты: Әділетті қоғам құру – парызымыз

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4430

Еділхан ӘМІРҒАЛИЕВ, техника ғылымының докторы, профессор: Технологиялық өркениет заманы басталды

  • 18 Сәуір, 2024
  • 4244

Алишер Сатвалдиев, Парламент Сенатының депутаты: Алпыс күн тасыған дария, алты күннен кейін қайтады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 3017

Назипа Шанаи: Ана мектебі арқылы ұл да, қыз да дұрыс тәлім алады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 2971

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы