• Ақпарат
  • 14 Қыркүйек, 2023

Медиафорум: Мемлекет қолдауы аса маңызды

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ,

«Ana tili»

Алматыда алғаш рет Жаңа медиа форум (New Media Forum) өтті. Форумның спикерлері мен хедлайнерлері заманауи сын-қатерлерді анықтау және олардың қоғамға әсерін бағалау мақсатында «Қазақстан» қонақ үйінде бас қосты.
Форум аясында блогерлер мен цифрлық контент авторлары, мемлекеттік қызметкерлер мен инвесторлар медиа саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Елімізде креативті индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қарқынды жүзеге асырылып келе жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде креативті экономиканы дамытудың 2030 жылға дейінгі іс-шаралар жос­пары бекітілген. Осы орайда біз де кейбір спикерлердің маңызды ойларын оқырманға ұсынуды жөн көрдік. 

Евгений Кочетов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

Бұл заң алаяқтықтың алдын алады

–Форум «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңды талқылау және үн қосу мақсатында өтіп жатыр. Әлеуметтік желілер бүгінде негізгі ақпарат көзі мен қоғамдық-саяси бағытты қалыптастыратын платформаға айналды. Бұл заң алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Кез келген қазақстандық тұтынушы сайтқа кіріп, жарнаманы оқыған кезде, ол жарнама жалған ба, қандай ақпараттар берілген, оны инфлюенсер берген бе, осының барлығын біле алады. Заң шеңбері­нен тыс ақпарат орналастырылған кон­тенттің жұмысын шектеу немесе тоқтату «Байланыс туралы» заңның 41-1-бабына сәйкес жүргізіледі. Атап айтсақ, онлайн-платформаның меншік иесі немесе заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін, 24 сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою шараларын қолдануға міндетті.
 

Ерболат Беделхан, продюсер: 

Музыкалық үлкен жоба болса...

–Креативті индустрия саласын дамытуға өзіміздің жеке кеңістігіміз болуы қажет. Мәселен, музыка саласын алып қарайық. Бізде авторлық құқық қандай деңгейде? Екіншіден, қазақтілді медиакеңістікті кеңінен шығармайынша, біз дербес бола алмаймыз. Әлемдік нарыққа өз тілімізбен шықпасақ, өзіміздің кеңіс­тігімізді қалыптастырмайынша, біз өзімізді таныта алмаймыз. Осы ретте Оңтүстік Корея мемлекетін алып қарайық, өз тілінде әнін айтады, өз мәдениетін ұсынады, барлық әлемге өзін таныта алды. Олар барлық әлемді жаулап алғаннан кейін, ағылышын тілін де қолдана бастады. Осылайша, әлемдік нарықта өзінің тілі арқылы өздерін таныта білді. Қазақ тіліндегі креативті экономиканы дамытар болсақ, барлық түркі мемлекеттеріне түсінікті болып, біздің аудиториямыз 20 миллионға, 200 миллионға дейін артатын еді. Біздің басты байлығымыз – адам, сондықтан еліміздің экономикасына пайда әкелетін де, ел қаражатын арттыратын да сол адам екендігін естен шығармағанымыз жөн. 
Оңтүстік Корея не істеді? Басында өз медианарығын дамытып алды да, содан кейін Жапония, Қытай, Малайзия, Сингапур, Филиппин сияқты Азия мемлекеттерінің нарығына кірді. Сол балалармен, сол компаниялармен, сол мемлекеттермен тікелей байланыстың арқасында көп дүниені шығара алғаннан кейін ғана әлемдік деңгейге шықты. Бізге де тура соның жолын қайталауға мүмкіндігіміз бар. Себебі неде? Түркі мемлекеттері Түркістан қаласын рухани астана деп білген болса, онда Алматы мәдени астанасы бола алады. 
Біздің елде музыкалық индус­трия бар деп айта алмаймын, бірақ музыкалық кейс бар. Ninety one, Ирина Кайратовна сияқты. Бізде мыңдаған жоба болуы керек, алайда оған жағдайымыз және мамандарымыз жете ме деген мәселе бар. Оңтүстік Кореяда жыл сайын шамамен 200-дей жоба жүзеге асады. Оларда үлкен нарық бар. 
Бізге ішкі идеология, ұлттық сана-сезімнің идеологиясы өте маңызды. Біз кімбіз, нені үгіттейміз, қай жаққа кетіп бара жатырмыз? Осыны билік бірінші реттеп алуы керек. Ninety one тобына келетін болсақ, мен неліктен билікпен жұмыс істемеймін? Себебі, саясат барлық жерде бар. Ол үлкен мәселе. Сен сахнаға шыққаннан кейін, деңгейің артқан сайын, жауап­кершілігің де жоғары болады. 
 

Марат Оралғазин, сценариші-продюсер: 

Отандық медиаөнімге сұраныс көп

–Қазір медиакеңістіктің қанша­лықты маңызды екенін көріп отырмыз. Әсіресе, ақпараттық қауіпсіздік саласының көкейкестілігін түсіндік. Осы ретте, көрермендер 5 жыл бұрын шетелдік контентке қызығушылық танытатын болса, қазір өзіміздің отандық туындыларды көреді. Бұл ретте кино, музыка, медиа саласында еңбек етіп жүрген жастардың ерен еңбегін айта кетуге болады. Сонымен қатар, қазақ контентінің артып келе жатқанын байқаймыз. Ана тіліміз арқылы әлемді бағын­дыруға болатынын дәлелдеп келе жатқандар бар. Мәселен, You Tube платформасындағы жобала­рымыз тек қазақ тілінде. Оны та­машалайтындардың да қатары көбейді. Тіпті көршілес алыс-жақын шет елдерге танылып жүргендерді де бай­қауға болады. Сол себептен мемлекет жаңа медиа саласына, кино, өнер бағытына жақсы көңіл бөлсе, елімізге де өз табысын түсіреді. 
«Қызықтаймс» бағдарламасын жүргіземіз, үнемі кадрдамыз. Бірақ   негізгі кәсібіміз – сценарий жазу. Көптеген сериалдың басы-қасында жүрдік. Менің ойымша, мемлекет мұндай жұмысқа кіріссе, цензура пайда болуы ықтимал. Белгілі бір талаптар қоюы мүмкін. Десек те, идеологиялық мақсат болғаны дұрыс, бірақ ішкі шығармашылық жұмысқа тиіспегені дұрыс. Біздің басты байлығымыз –халық. 
Мемлекеттік қолдау міндетті түрде керек. Өйткені бұл нарық, саяси тұрғыдан өте маңызды нарық. Қазіргі медиакеңістіктің қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз. Ақпараттық қауіпсіздік саласында отандық медиакеңістік кейде сырттан келген қауіпке төтеп бере алмай жатады. Ол отандық медиакеңістіктің қатты дами алмағанының белгісі шығар. 
Шүкір, қазір біздің кеңістігіміз өсуде. Мысалы, бес жыл бұрынғыны қарайтын болсақ, жалпы қазақ­стандық көрермен ресейлік, шетелдік контентті қабылдайтын. Қазір отандық өнімдер көбейді, сәйкесінше сұраныс та бар. Қазір көпшілік қазақстандық музыканы тыңдайды, қазақстандық киноны, сериалды көреді. Кішкентай бюджетке жасалса да, үлкен резонансқа ие өнімдердің ауқымы да кең әрі сенімді. Ең бастысы, біз қабылдап отырған контент қазақ тілінде болуы өте маңызды. Мысалы, 3-4 жыл бұрын YouTube-тағы трендтер көбіне ресейлік болатын. Қазіргі таңда барлық тренд біздің отандық өнім деп сеніммен айта аламын. Ең бастысы, біз аз уақыттың ішінде өзіміздің медиакеңістігіміздің негізін қалай алдық және ол ұлғайып келе жатыр. 
Біздің сериал индустириямыз ТОП болып тұр, ол бір шағын уақыттың ішінде жүзеге асқан дүние. Салыстыратын болсақ, бұл да біздің мамандардың аз бюджетпен бар жан-тәнін салып жасаған дүниесі. Ал Ресейде әрине нарық басқа, халық саны, демография басқа. Мысалы, «Кухня» сериалының бір эпизоды 150-200 мың доллар тұрады. Ал біздің бір сериалдың қаржысы 5-8 миллион теңгенің арасында. Меніңше, бұл жерде Salem Sochial сияқты мықты кейс қажет. Қазіргі таңда осы креативті индустрияға мән беріп жатқанына мен өте қуаныштымын. 
 

Нұрлан Байжігітұлы, дінтанушы, Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы: 
 

Instagram, TikTok-ты «өртеп жатыр»

–Елдің алдына шыққаннан соң, мейлі ол қай жақта, қоғамдық орын, әлеуметтік желі болсын, сізді сонша адам тыңдап отыр. Сәйкесінше сіз тәлім-тәрбие беріп отырған адам болып табыласыз. Балаларымыздың әдепсіздігіне, арсыздығына себепші болғаннан кейін, мұсылман ретінде айтсам, адамның өзі кінәлі болады. Иә, кейбір айтылатын нәрселер бар, шекара бар. Бірақ әдепсіз немесе ар-намысқа тиетін сөздермен тиіссе, әке-шешемізді боқтаса, бұл қалыпты емес. Сондықтан цифрлы контенттерде үлкен азаматтардың аузынан былапыт сөздер шыққаны дұрыс емес. Міндетті түрде полиция келіп, есігімізді тақылдатып үстімізден іс қозғау керек пе? Әрбір азамат өзінің салиқалы әрі сыпайы екенін түсініп, цифрлы контентке шыққанда жағымсыз сөзден аулақ болуы қажет. Ал әдепсіз әрекеті үшін артынан полицияны ілестіру мәдениеттілік емес. Бұдан қалай құтыламыз десек, адам өзін өзі тәрбиелеуі керек. Мысалы, соңғы уақытта кейбір блогер қыздардың әлеуметтік желіде жеке интимдік сұрақтарды ашық талқылаудың өзі осыған алып барады. Өйткені олар сөйлеген әрбір сөздің артында салмақ барын түсінуі керек. «Атың шықпаса, жер өрте» дейді қазақ. Қазір жер өртемей-ақ, Instagram, TikTok-ты өртесе, жетеді екен ғой. Иә, адам қателесуі мүмкін, бірақ саналы түрде әдепсіз сөздерді немесе тез тарайтын жаргондарды қолдану үлкен мәселе. Жеке отбасылық, интимдік мәселелерді айтудың да өз шекарасы болады. «Ұлы сөзде ұяттық жоқ» деген. Бірақ соның өзінде жеке отбасындағы, тіпті ер мен әйелдің, ұл мен қыздың ортасындағы мәселелерді ашықтан-ашық талқылап жатқан сексологтар бар. Бұл этикалық тұрғыдан дұрыс нәрсе емес. Осындай контентті беріп жатқан адамдарға мен бұл үлкен қателік, күнә деп айтар едім. Төрт қағида бар, ол жеке нәрсе, сол қағида төрт адаммен кетуі керек. Біріншісі – ер мен әйелдің ортасы, екіншісі – ағайынның ортасы, үшіншісі – ұстаз бен шәкірттің ортасы, төртіншісі – Алла мен Пайғамбардың (с.с.а.) ортасындағы сырлар сол адамдармен жерлену керек. Ал оны тарқату, ашық айту дұрыс нәрсе емес. 

Перизат Мырзахмет, продюсер-журналист:

Ортақ этикалық кодекс қажет

– Бүгінгі басты мәселе, «бізде жаңа эти­калық құжат қабылдану керек пе?» деген мәселе. Бұл ұзақ уақыт бойы талқыланып келе жатқан нәрсе. Біз қазір ХХІ ғасырда салыстырмалы түрде адамның денсаулығына, адамның бейбітшілігіне қауіпсіздеу қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Біз таңертең тұрып, тамағымызды қайдан ішетінімізді, қандай киім киетінімізді, қайда барып жұмыс істейтінімізді салыстырмалы түрде білеміз. Бұрын адамдар басқа нәрселерге бас қатыратын. Біз өзіміздің барлық қажеттіліктерімізді өтеп отырмыз. Енді жалғыз қалған нәрсе – этика. Өйткені бізде барлығы, жеке шекара, мемлекеттік шекара қорғалған. Бірақ адамның психологиясы, адамның құқығы әлі де қорғалған жоқ. Әлі де этикалық шабуылдарға түсетін әлеуметтік әлсіз топтар бар. Оларды қорғау үшін бізге бір әдептік норма керек. Этикалық кодекс керек. Бізде журналистердің өздері ұстанбайтын этикалық кодекс бар, медиаға жаңадан қосылған блогерлерде ешқандай этикалық кодекс жоқ. Әркім өзімен -өзі. Барлығының айтатыны бір: «бұл менің парақшам, не айтқым келеді, не көрсеткім келеді, өзім білемін». Бірақ «өзім білемнің» арғы жағы әлемге ортақ бір ғана заңдылық бар: «Сенің еркіндігің басқа адамның еркіндігі басталған жерде бітеді». Осының барлығы нақты заңдық құжатпен қамтамасыз етілуі керек. Бірақ оның да бір кері жағы бар. Егер біз мемлекеттің аузына қарап, «билік этикалық норманы қабылдап бермесе болмайды, өзіміз істей алмаймыз» десек, олар тек қана азаматтық ұстанымын білдіретін адамдардың ғана аузын жабатын құжат қабылдауы мүмкін. Сондықтан заң негізі қоғамнан шығып, қоғамға қызмет етуі керек. Яғни қоғам өзі ұсынуы керек. Қазір қоғам өзі сұрап отыр. Қазір билік бар болғаны бейнетаспаға түсіріп, қазақ халқынан «кешірім сұрата» салады. Бұл қазір негізі қоғамдық жараға айналып отыр. 
Мен Нұрлан Имамның жанкүйері едім, бірақ оның бір сөзімен келіспей қалдым. Сексологтар тақырыбына келетін болсақ, ол да сұраныстан шыққанын мойындауымыз керек. Мен қарапайым адаммын, журналист-сценаристпін, ешқандай жыныстық тәрбиеге қатынасым жоқ. Бірақ жекеге жазылған хаттарда халықтан кәдімгідей сұрақтар келеді. «15 жастамын, үлкен жігітпен жүрдім, аяғым ауыр болып қалды, не істеймін?». Осындай кезде мен қалай жауап беремін? Мен оны міндетті түрде бір маманға жол сілтеуім керек. Сол кезде мамандардың бәрін ашық айтуы өте дұрыс әрі қалыпты нәрсе. Әрине, бұл мәселеде шектен шығып жатқандары да бар, онымен келісемін. Сондықтан аталған жайттардың бәрін салыстырып, бір норма қалыптастыру біздің қоғамның міндеті. 
Біз барлық қажеттіліктерімізді өтедік, бірақ қоғам ретінде этикалық қажеттілігімізді әлі өтеген жоқпыз. 

Айта кетейік, аталған медиафорумда блогерлер мен инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары мен өндірушілері, мемлекеттік қызметкерлер мен инвесторлар өзекті мәселелерді талқылау, заманауи сын-қатерлерді анықтау және олардың қазақстандық қоғамға әсерін бағалау үшін жиналды.   
Форум бағдарламасында «Жаңа цифрлық әлем тәртібі», «Медиа нарығының эволюциясы», «Цифрлық кеңістіктегі жаңа медиаэтикасы», «Медиа және технологиялар: ақпарат кеңістігінің трансформациясы», «Креативті индустрия және жаңа медиа» тақырыптары бойынша панельдік сессиялар болды. Сонымен қатар, қатысушылар «PechaKucha» қысқаша баяндамалары форматында өз жобаларын ұсынып, ­таныстыра алды. 
Форум талқылауына Қазақстаннан және алыс-жақын шетелдерден спикерлер мен хедлайнерлер қатысты.

 

 

375 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

DeflakeGoody

16 Қыркүйек, 2023

Розы с доставкой cvetov.ru Представляем Вам организацию, которая занимается доставкой самых лучших цветов четко в срок по Москве. Цветы всегда являлись одним из лучших подарков для девушек, а также дополнением к главному подарку. Мы аккуратно доставляем по нужному адресу букет, который Вы сможете посмотреть на сайте cvetov.ru прямо сегодня. По вопросу <a href=https://cvetov.ru/msk/>заказать цветы с доставкой на дом</a> мы Вам обязательно окажем помощь. Рассмотрите весь ассортимент цветов на нашем онлайн сайте и оформляйте заказ прямо на сайте. Попросту отправляйте нужные цветы в корзину и введите свой мобильный номер телефона. После, нужно вписать дату, время и адрес доставки и ожидать свой букет. В данной компании работают профессиональные флористы, которые отправят по Вашему пожеланию любой букет, составят композицию или проделают нужное оформление в любых цветах. Также можно добавить в оформление заказа коробки, подарки, конверты или воздушные шары. По любым вопросам Вы можете позвонить по телефону +7(966)666-32-60 и мы Вас проконсультируем. Если Вы искали <a href=https://cvetov.ru/msk/>цветы доставка москва</a> в сети интернет, то Вы пришли по верному адресу. Мы уже долгое время работаем в данной области и даем гарантию на профессиональный подход к каждому заказчику. Можем посоветовать как приложение к цветам подарочный сертификат на разные вещи или услуги. Сделайте счастливым дорогого человека, закажите ему шикарный букет, который будет радовать обладательницу продолжительное время. Все цветы доставляются исключительно свежие, у нас слаженная быстрая доставка из других регионов, в которой соблюдены верные условия хранения и транспортировки цветов. На сайте cvetov.ru Вы можете прочитать отзывы о нашей доставке, как с нами связаться и многое другое. Магазин находится по адресу: г. Москва, Северный район, бульвар Академика Ландау, д.3. Режим работы без выходных с 9:00 до 21:00. Мы с радостью оформим и доставим самый лучший букет для любимого Вам человека!

ANA TILI №38

21 Қыркүйек, 2023

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы