• Ақпарат
  • 14 Қыркүйек, 2023

Мектепте домбыра күмбірлесе...

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді.

«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Ата заңымыз дін бостандығына шектеу қоймайды, өзінің діни рәсімдерін жасаймын деушілерге кедергі жоқ. Алайда мектептерді саяси бағыттар мен діни ағымдар ордасына айналдыруға болмайды», – деп жауап берді Мәжіліс төрағасы тілшілер сұрағына.
Ерлан Қошанов мектеп – білім ордасы екенін, онда білім берілуі керегін баса айтты.
«Сондықтан балаларды немесе оқытушыларды басқа мәселеге алаңдатпауымыз қажет деп ойлаймын. Министрліктің заң бойынша қандай форма киетіні туралы стандарттары бар ғой. Сол стандарттарды да ұстануымыз керек», – деді ол.
Спикер бұл тыйымның адамның конституциялық құқығын еш бұзбайтынын, балалар кәмелеттік жасқа толғанда қандай жолмен жүретінін өздері таңдайтынын айтты.
Журналистер «Қазақстан Мәжілісі қашан салафизмге ресми тыйым салады?» – деген сұрақ қойды.
«Бүгін де депутатымыз «домбыра – харам» деген әңгімеге қатысты сауал жолдады. Сонда біздің ғасырлар бойы қолына домбыра ұстаған бабаларымыз күнәһар болғаны ма? Теріс діни ағымда жүрген, заңға қайшы әрекет еткендерге әрине заң жүзінде тыйым салуымыз керек», – деді Мәжіліс төрағасы.
Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай орта мектептерде ән-күй сабағында домбыра аспабын үйретуді оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды.
 

372 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №38

21 Қыркүйек, 2023

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы