• Тіл
  • 26 Қазан, 2023

Бәріміз ана тілінде сөйлеуіміз керек!

Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілінің өз әліппесі бар. Әр қазақ өз ана тілін біліп, өз тілінде сөйулеуге тиіс. Бірақ  көптеген қазақ­тардың өздері қазақша білмейді. Көп­шілігі орысша сөйлейді. Оларды ана тілін сыйламайтындар деп ойлаймын.


Біз ең алдымен, өз ана тілімізді құрметтеуіміз керек. Біздің ұлты­мызды қазақ деп танытып тұратын – ол бірінші кезекте ана тіліміз. 
Тәуелсіз елімізде қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі бар. Бұрынғы ата-бабаларымыз әр затты қазақша атаған. Халқымыздың атақты тұлғалары көптеген шетел сөздерін де қазақшалап айтқан.
Қазақстанда ұлы тұлғала­ры­мыздың атында қаншама мектеп, оқу орындары бар! Ол жерде біздің туымыз ілініп тұрады. Біздің оқымысты, мықты тұлғаларымыз болмаса көк Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз болмас еді.
Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты даналарымызды дәріптеуіміз, қазақша бірінші мектеп ашқан Ыбырай Алтынсаринды білуіміз керек. Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сияқты Алаш қайраткерлері халқымызға көп еңбек сіңірді.
Қазақтың ақын-жазушылары біз үшін қаншама кітаптар жазып қалдырды. 
Қазақ тілінің байлығын сақтап, дамытуды ойлауымыз керек.
Жауынгер, батыр бабаларымыз кең байтақ жерімізді біз үшін сақтап қалды. Біз қазір ең әдемі, ең көрікті, ең күшті елдердің біріміз. Біз өз жерімізде еркін өмір сүріп келеміз. 
Егемен елімізді, жерімізді бағалайық. Мен Қазақстанымды, қазақ тілін жақсы көремін. 
Ең бастысы – бәріміз ана тілінде сөйлеуіміз керек. Сонда ғана біздің болашағымыз зор болады.

Әли ЕРМЕК,
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 
№133 мектеп-гимназиясының 
4-е сынып оқушысы

4782 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №5

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы