• Ақпарат
  • 17 Қараша, 2023

Баспагерлер бас қосты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Оқырман ұлт» жобасының аясында «Заманауи баспа ісі: проблемалары және болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
– Баспа саласындағы мәселелерді талқылау;
– Баспа саласының нарықты даму бағытына баға беру;
– Білікті маман даярлау.
    Дөңгелек үстелде ҚР Кітап палатасының директоры, Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясының президенті Ә.Қойтанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы Т.Көпбаев, Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі А.Рамазан, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Б.Құдияр, «Аннұр сапа» баспасының директоры Е.Әбдіраман, «Қазына» баспасының негізін қалаушы А.Шайкен, баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының профессорлары Қ.Мұқатайқызы, «Асаба» баспасының директоры Д.Смаил, «Арман PV» баспасы директорының орынбасары Қ.Қараева, «Мазмұндама» баспасының редакторы Х.Зияданқызы, баспагер, маркетолог М.Кесебаев, «Amal books» баспасының редакторы М.Салық, «Steppe and world» баспасының редакторы С.Бекжан және Журналистика факультетінің оқытушы профессорлар құрамы қатысып, баспа ісіндегі өзекті мәселелерді талқылады. ҚР Ұлттық Кітап палатасының директоры Ә.Қойтанов «Аманат» партиясымен бірлесе отырып, облыстарда оннан аса кітап дүкендерінің ашылғанын, сонымен қатар жоспарда одан да көп кітап дүкендерінің ашылатынын айтып, көпшілікті қуантты. «Kitapal» клубының негізін қалаушы, маркетолог Мирас Кесебаевтың бастамасымен «Ауылға кітап» жобасының қолға алынып, еліміздің алыс аймақтарына 5500 кітап таратылғаны айтылды.
    Баспагерлік редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының профессоры Қ.Мұқатайқызы «Кітап әлеуметі» деген ұйым ашуды ұсынды. Кітап оқу әрдайым өзекті тақырып. «Оқитын ұлт» жобасы да болашақ үшін маңызды. Ұлттық мәдениетіміз бен руханиятымызды ілгері дамыту үшін, қазақ кітабының атқаратын рөлі зор екені белгілі. Бұл жиын, баспа ісіндегі шешімін таппай жүрген көптеген мәселелерді көтеріп, оның жауабын табуға арналған ұсыныстарды қарастырды. Қазақ ұлттық университетінде мұндай басқосулар әлі де жалғаса бермек.
    
 

Ақмөлдір ТІЛЕПБЕРГЕН,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 
Журналистика факультеті,
Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының
аға оқытушысы

1018 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №21

30 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы