• Ақпарат
  • 08 Ақпан, 2024

«AQYL»-ға қаржы жинақтап жатыр

Отбасы банкте «AQYL» білім беру жинақтау салымдары ашылды. Алғашқылардың бірі болып Отбасы банкінде бұл салымды өз балаларына Астана қаласының тұрғыны Ақмаржан Шакупова ашты. Оның егіздері Айбол мен Айбек жақында бір жасқа толған. Енді олардың анасы ұлдарының болашақ біліміне белсенді түрде ақша жинауды жоспарлап отыр.

 

«AQYL» депозитінің мақсаты – азаматтардың өз біліміне немесе балаларының біліміне қаражат жинауына мүмкіндік беру. Оның көмегімен қазақстандық немесе шетелдік білім беру мекемелерінде оқу ақысын төлеу­ге болады. «AQYL» білім беру жинақтау салымын кемінде 3 жыл немесе 5 жыл мерзімге ашуға болады. Егер депозит кемінде үш жыл мерзімге ашылса, онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 12% (ЖТСМ 13,1% дейін) тең болады. Егер депозит кемінде 5 жыл мерзімге ашылса, онда депозит бойынша мөлшерлеме 9,5% (ЖТСМ 10,1% дейін) тең болады.
Банктің есептелген сыйақысы ай сайын капиталдандырылады. 
Депозит мерзімі аяқталғаннан кейін­­­ ол автоматты түрде жаңартылады.
– Қазір депозитті 50-ден аса қазақстандық ашып үлгерді. «AQYL» – бұл ата-аналарға балаларының оқуына қаражат жинауға көмектеседі. Бала грантқа түссе, онда «AQYL» депозитіндегі жинақтарды шешіп алып, оларды кез келген өзге мақсатқа, соның ішінде тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болады, – дейді «Отбасы банк» Басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Қазақстандық балалардың білімге қаражат жинақтау ісіне өз үлесін қосып, жыл сайын жинаққа сыйлықақы есептеп отырған мемлекеттің мұндағы көмегі өте маңызды. Салымшылардың барлық санаттары үшін ол 5% құрайды. Ал жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасылардан шыққан және жан басына шаққандағы табысы аз, яғни азық-түлік себетінен төмен отбасыларға ашылған депозиттерге мемлекеттік сыйлықақы 7% мөлшерінде есептеледі. Жыл сайын депозитке есептелетін сыйлықақының ең жоғары мөлшері 100 АЕК-тен (2024 жылға 369 200 теңге) аспауға тиіс. Мемлекеттік сыйлықақы жинақтаудың ең аз мерзімі 1 жыл болғанда есептеледі, яғни мемлекеттік сыйлықақыны есептеу үшін салым бір жылға толуы керек.
Депозит ашылған кезде міндетті түрде жасалатын бастапқы жарнаның мөлшері үш айлық есептік көрсеткішке немесе 11 076 теңгеге (2024 жылы) тең болуы керек. Болашақта депозиттің ай сайынғы аударымдар мөлшерін әр азамат өз мүмкіндігіңізге қарай анықтайды. 
«AQYL» депозитін Отбасы банкінің жаңа мобильді қосымшасында 6 ақпаннан бастап ашылды. 
Отбасы банкіндегі «AQYL» депозитін Ұлттық қордан алынған жинақтармен толықтыруға болады. Бұл төлемдерді биыл 18 жасқа толған қазақстандықтар қолдана алады. Оны «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында enpf-otbasy.kz платформасы арқылы жасауға болады. 
Қазақстандықтар Ұлттық қордан берілетін төлемдерді екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және оқу ақысын төлеу үшін пайдалана алады. 

А.Қуатова

517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №8

20 Ақпан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы