• Ақпарат
  • 08 Ақпан, 2024

«Бізге керегі – дамудың сара жолы»

Сонымен жаңа Үкімет құрамын тағайындау аяқталды. Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың орнына Олжас Бектенов келді. 


Президент әкімшілігінен – премьерлікке

Сонымен Үкімет басына келген Олжас Бектенов кім? Ол Президент әкімшілігінде, аймақтарда басқарушылық қызметте болған. Заң ғылымының кандидаты.  Алматы қаласының әділет басқармасында жұмыс істеген. Олжас Абайұлы 2005-2006 жылдары Премьер-Министрдің кеңсесінде, одан кейінгі үш жылда Президент әкімшілігінде өзін жақсы қырынан көрсеткен. 2017–2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары болған. Әділет министрлігінің басқармасында жұмыс істеген. Астана қаласы әкімдігінің аппаратын басқарып, одан кейінгі жылдары түгелдей Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеді. Шені – генерал-лейтенант. Соңғы бір жылда Президент әкімшілігінің жетекшісі болды. Бектеновтың үкімет басына келуі де бекер емес. Өйткені Мемлекет басшысының бастаған реформаларын жүйелі түрде жүзеге асыру қажет. Ал Олжас Бектенов соңынан сөз ермеген, өзін қай салада болсын, жақсы жағынан көрсеткен және өнімді жұмыс істеген азамат. Еңбектің адамы деген пікірлер бар. Қалай айтқанда да, Мемлекет басшысының тапсырмасын, «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын толық жүзеге асыра алады деген сенімдеміз. Ал бұл тапсырмалар толық нәтижелі болуы үшін жаңа адам керек. Сарапшылар да Олжас Абайұлының ешқандай саяси топпен байланысы жоқ адам екенін айтады. Ол «қатаң тәртіптің адамы» деген де пікір бар. Демек, дәл қазіргідей уақытта Бектеновтың Үкімет басына келуі заңдылық және қазіргі уақытта өте өзекті болып отыр. Ең бастысы, Президенттің Үкімет алдына қойған міндеттері толық орындалуы керек. 

Үкіметтің басты бағыты – отандық өнім 

Мәжіліс депутаттары алдында сөз сөйлеген жаңа Премьер Олжас Бектенов ең алдымен, Мемлекет басшысының тапсырмаларын толыққанды орындауға күш салатынын,  сондай-ақ отандық өнімді қолдауға барынша назар аударатынын айтты.  
– Басты мақсат — басқа елдің емес, өзіміздің ұлттық бизнесімізді қолдау. Ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге назар аударамыз. Электр қуаты, жылу әрі сумен қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс атқарамыз. Тиімсіз шығындарды қысқартып, үнемделген қаражат инфрақұрылымды жаңартуға бағытталады. Көлік-логистика саласын дамытып, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үкімет жұмысындағы басымдықтардың бірі болады. Цифрландыру, жасанды интеллектің қолдану саласын кеңейту, есептеу қуатын ұлғайту – аса маңызды міндеттер. Үкімет халқымыз­дың игілігіне, еліміздің өркендеуіне қызмет етеді, – деді Үкімет басшысы.
«Үкімет маңызды рөл 
атқаруға тиіс»

Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысқан Президент ­Қасым-Жомарт Тоқаев «Олжас Бектенов – тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Оның Қазақстан экономикасы және басқа да салалар бойынша білімі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, өзі – тәртіпті, адал, еңбекқор азамат. Сондықтан ел экономикасының алдында тұрған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілеті жететінін» айтты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанды озық елге айналдыру қажеттігін айтып, бұл жай ұран емес, нақты жоспар екенін атап өтті.
– Бізге керегі – дамудың сара жолы. Сондықтан түбегейлі саяси реформалар жүргізумен қатар, еліміздің қоғамдық-­экономикалық өмірінде терең өзгерістер жасау үшін батыл шаралар қабылдауымыз қажет. Ең бастысы, біздің барлық іс-әрекетіміз «Әділетті Қазақстан» құру қағидатына сай болуға тиіс. Алдымен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа серпін беру керек, яғни, экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алдағы міндеттерді қайта қарау қажет. Түптеп келгенде, мемлекет енді үздіксіз қолдау шараларынан нағыз сапалы дамуға қолғабыс ету ісіне түбегейлі көшуі керек. Бұл жұмысты сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындайтын уақыт жетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдымызда тариф саясатындағы кедергілерді жою, агросекторды қайта жандандыру, әлеуметтік саланы басқару мен қаржыландырудың тиімді тәсілдерін әзірлеу міндеті тұр.
–Бұл жерде, әрине, ең алдымен, Үкімет маңызды рөл атқаруға тиіс. Жаңа қарқынмен жұмыс істеу қажет. Маңызды шешімдерді шұғыл қабылдап, көп созбай, шешуші қадамдарды жасауы керек. Үкімет өз қызметінде кәсібилік, жауапкершілік, жеделдік және бастамашылдық сияқты қасиеттерді ұштастыруға тиіс. Үкімет экономиканы халқымыздың игілігі үшін ынталандыруға және әртараптандыруға бағытталған батыл әрі табанды шешімдер қабылдауы қажет. Бұл міндеттің маңызы зор және ол стратегиялық сипатқа ие, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен Президент әкімшілігінің басшысы болып Айбек Дәдебаев тағайын­далды. Сонымен қатар төрт минис­трлікке жаңадан басшылар келді. Атап айтқанда, Әлібек Қуантыровтың орнына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып Нұрлан Байбазаров, Ерұлан Жамаубаевтың орнына Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Денсаулық сақтау министрі болып Ажар Ғинияттың орнына Ақмарал Әлназарова тағайындалды.Сондай-ақ Сырым Шәріпхановтың орнына Төтенше жағдайлар министрлігін енді Шыңғыс Әрінов басқарады. Қалған министрлер бұрынғы орындарын сақтап әрі қайтадан тағайындалды. 

Еркін ҚАЛДАН

708 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №21

30 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 13074

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 7412

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 7043

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 6417

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты: Әділетті қоғам құру – парызымыз

  • 11 Сәуір, 2024
  • 6362

Еділхан ӘМІРҒАЛИЕВ, техника ғылымының докторы, профессор: Технологиялық өркениет заманы басталды

  • 18 Сәуір, 2024
  • 6153

Алишер Сатвалдиев, Парламент Сенатының депутаты: Алпыс күн тасыған дария, алты күннен кейін қайтады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 4937

Назипа Шанаи: Ана мектебі арқылы ұл да, қыз да дұрыс тәлім алады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 4920

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы