- Ақпарат
- 06 Маусым, 2024
АБАЙ – ӘДЕБИЕТІМІЗДІҢ НҰРЫ
Жазушы Болат Жүнісбековтің «Ақиқат ұшқыны» атты зерттеулер мен эсселер жинағы оқырман қолына тиді. Кітапқа автордың әр жылдары жазылып, республикалық газет-журналдарда жарық көрген және соңғы кезде қалам тартқан туындылары топтастырылған.
Жинақтың «Абай – поэзия шыңы» атты бірінші бөліміндегі зерттеу мақалалары халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының өмірі мен асыл мұрасы хақында жаңаша көзқарасты пайымдатады. Ал «Абайдың ақындық мектебі» бөлімі Хәкімнің шәкірттері кемеңгер Шәкәрім мен Көкбай, дарынды ұлдары Ақылбай, Мағауия мен Турағұл шығармашылығы туралы ой толғайды. Автор осы бөлімде, сондай-ақ Абайтанудың негізін қалаған ғұлама Мұхтар Әуезов, ақын мұрасының асқан білгірлері Қайым Мұхамедханов пен Төкен Ибрагимов жайында ой бөліседі.
«Абай сөзінің сәулесі» атты үшінші бөлімде, өзінің аты айтып тұрғанындай, ұлы ақынның өмірлік көзқарасы мен ағартушылық ұстанымының қазіргі күннің көкейкесті мәселелерімен үндестігі туралы сөз қозғалады. Жинақ – жазушының Абайтану саласындағы ізденістерінің жемісі әрі барша әдебиетсүйер қауымға арналған. Кітап «Тоғанай Т» баспасынан шыққан, оның мұқабасы белгілі қылқалам шебері Тоққожа Қожағұловтың «Абай» суретімен таныстырады.
Бекен Қадықов,
ардагер журналист
923 рет
көрсетілді0
пікір