• Ақпарат
  • 06 Маусым, 2024

Мемлекеттік тіл мазмұнын арттыру – маңызды мәселе

Қазақтілді контент өндірушілердің «QazaqSham» форумы өтті. Оған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Палатаның бір топ депутаты, креативті индустрия және отандық медиа өкілдері қатысты. Палата Спикері креативті индустрия саласындағы жаңа жобалармен танысты. Сондай-ақ қатысушылармен Мемлекет басшысы бастамашы болған қазақ тілінде контенттер дайындау барысын және осы бағыттағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады. 

Сенат Төрағасы кейінгі жылдарда елімізде креативті индустрия қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аталған саланы дамыту үшін институционалдық негіз қалыптас­ты. Мәдениет және ақпарат министрлігінде арнайы департамент құрылды.
Сондай-ақ секторды әрі қарай жетілдіруге және мемлекет тарапынан қолдау­ға арналған нақты шаралар қабылданып жатқаны айтылды. Атап айтқанда, осы бағытта еңбек етіп жүрген азаматтар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылды. Соның нәтижесінде аз ғана уақыттың ішінде креативті индус­трия субъектілері 8 пайызға артты.
Еліміз бойынша тиісті инфрақұрылым қалыптастыру үшін жүйелі жұмыс қолға алынып жатқаны белгілі. Бұл бағыт жаңа кешенді шешімдерді қажет ететіні анық.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстанның мәдени толқыны өңірлік және халықаралық деңгейде кеңінен таныла бастағанына назар аударды. Қазіргі таңда ұлтымыздың зор жасампаздық әлеуеті кино, музыка, әдебиет және өнердің басқа да салаларында айқын көрініс тауып келеді. Бұл бағытта елімізде талантты жастар көп» деген Палата Спикері форумды ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Іс-шара барысында қатысушылар креативті индустрияны тиімді дамытуға тиісті жағдай қажет екенін айтып, өз ұсынысын жеткізді. Олардың қатарында құқықтық база қалыптастыру, саланы мемлекеттік қолдау, өнімдерді коммерцияландыруға жәрдемдесу, өңірлерде креативті жобаларды дамыту сияқты тың бастамалар бар.
«QazaqSham» форумы – қазақ тілінде контент дайындау аясында мемлекеттің, бизнестің, шығармашыл тұлғалардың және білім беру мекемелерінің күш-жігерін біріктіре отырып, креативті индустрия­ның өзекті мәселелерін талқылайтын, сондай-ақ оны сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін алаң. Бұл бастама жаңа үздік жобалармен танысуға, контентмейкерлердің өзара тәжірибе алмасуына, мемлекеттік тілдегі мазмұнды арттыру тәсілдерін саралауға жол ашады. Өздеріңіз байқағандай, атқаратын жұмыс аз емес. Осы ретте әр бастамаларыңыз бен ұсыныстарыңыз маңызды. Алдағы уақытта креативті индустрияға қызығушылар көбейіп, форумға қатысушылар қатары арта түседі деп сенемін» деген Мәулен Әшімбаев креативті индустрия саласында еңбек етіп жүрген тараптарды секторды әрі қарай дамыту жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Форумда кәсіпкер, «Phenomenal Kids» жобасының негізін қалаушы Азат Әбікен, тарихшы, археолог-экспериментатор Нұрқожа Ерсайын, продюсер Азамат Демеген, «Balafunny» YouTube-арнасының негізін қалаушы Алтынай Есенжанова, Маңғыстау облысындағы «Aktown» жобасының негізін қалаушы Нұрсұлтан Мырзабек, «Qonzhyq App» жобасының өкілі Айнұр Мәлібекова және басқа қатысушылар сөз сөйледі. 
Іс-шараның соңында қатысушы компаниялар балаларға арналған өзекті тақырыптар жөнінде қазақ тілінде контент әзірлеу және бірлесіп өндіру туралы меморандумға қол қойды.

А.Айдарқызы

 

769 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №21

30 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 13460

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 7798

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 7428

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 6806

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты: Әділетті қоғам құру – парызымыз

  • 11 Сәуір, 2024
  • 6755

Еділхан ӘМІРҒАЛИЕВ, техника ғылымының докторы, профессор: Технологиялық өркениет заманы басталды

  • 18 Сәуір, 2024
  • 6542

Алишер Сатвалдиев, Парламент Сенатының депутаты: Алпыс күн тасыған дария, алты күннен кейін қайтады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 5317

Назипа Шанаи: Ана мектебі арқылы ұл да, қыз да дұрыс тәлім алады

  • 02 Мамыр, 2024
  • 5309

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы