• Ақпарат
  • 04 Шілде, 2024

Озық ойлы ұлт болудың жолы

Биылғы өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­­­ сөз сөйлеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, идеология мәселесіне көп көңіл бөлу керегін баса айтты. Сондай-ақ балаларды ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу үшін сол бағыттағы кітаптарды оқытып, жалпы, кітапқа деген қызығушылығын оятудың маңызын атап өтті.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру құжаттарды цифрлық форматқа сапалы көшіру жолдары және цифрланған құжаттарды ұзақмерзімді сақтап, оқырмандарға пайдалануға ұсыну, жаңадан түскен әдебиеттерді Web Rabis бағдарламасына енгізу жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады» атты облыстық семинар өтті.
«Ұлттық құрылтай «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. «Аманат» пар­тиясы Ақтөбе филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ақылбек Сахиев «Адал адам, адал еңбек, адал табыс – озық әрі табысты елге айналудың басты кілті» тақырыбындағы баяндамасында Мемлекет басшысы айтқан ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарына тоқталды. Олар – тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік және жауап­кершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық.
Сонымен қатар Ырғыз аудандық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі Әсемгүл Қартанова «Озық ойлы ұлт болудың жолы – кітап оқу», Байғанин аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Шынар Жаулыбаева «Ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар», Ойыл аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Жансая Батырғалиева «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» тақырыптарында баяндамалар оқыды.   
Кітапхана басшысы Сұлушаш Хакимова Мемлекет басшысының  кітапханаларды дамытуға, кітапханашылардың мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған нақты тапсырмалар мен қабылданған шешімдердің еліміздегі жалпы кітапхана саласын дамыту үшін маңызы зор екенін атап айтты. 
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы Сара Ғабитқызы қатысушылардың даралық ерекшеліктері мен тұлғасын ашып, адамның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге көмектесу, өзінің тұлғалық қырларымен өзгелерді таныстыруға мүмкіндік беретін жаттығулар арқылы «Тұлғаны дамыту» тренингін өткізді.
Семинар барысында облыстық, қалалық, аудандық кітапхана қызметкерлеріне кітап қорын толықтырудың дәстүрлі және инновациялық жолдары,  электронды каталогтарды құрастыру  мен жүргізу әдістері, құ­жаттарды сандық форматқа көшіру жұ­мыс­тары бойынша тәжірибелік сабақ өткізілді.

Алмагүл Сансызбайқызы,
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық 
әмбебап ғылыми кітапханасының 
кітапханаларды дамыту 
бөлімінің әдіскері 

945 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №8

20 Ақпан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы