- Ақпарат
- 01 Тамыз, 2024
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: НЕГІЗІ ЗОР, НАСИХАТЫ КЕМ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды өсіретін жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және, ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет» деген болатын. Осы орайда елдегі агросаланың ғылымға байланысы, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығындағы кәсіпкерлердің ғылымға көзқарасы туралы білуге тырысып көрдік.
Маманы аз сала
Алдымен бұқараның агросала мен ғылымның байланысы туралы не ойлайтынына мән берсек. Өйткені қарапайым халық – қоғамның айнасы. Бұл тұрғыда қала тұрғыны, белсенді Бақытжан Өскенбаев ойын айтты.
«Сіз менен агрошаруашылық пен ғылымның арасындағы тығыз байланыс туралы сұрайсыз. Менің ойымша, бұл екеуінің арасында ешқандай байланыс жоқ. Мысалы, қазір ауыл шаруашылығының кейбір мамандықтарына, тіпті шектік деңгейі 50 балл бола тұра, көп студент тапсырмаған. Ғылым мамандарымен дамымаушы ма еді?! Ойланатын мәселе…»
Иә, бұл – қарапайым азаматтың пікірі. Ал агросаладағы эксперт-ғалымдар мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының ғылымға байланысы қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Демек, бұл екі пікір қайшылығы агросаладағы ғылыми инновацияның қарапайым халыққа жеткілікті деңгейде насихатталмай жатқанын көрсетеді. Осы орайда агротехника саласының әлемдік деңгейдегі өз орны бар қазақ ғалымы Даулет Егембердиевтің командасымен бірге атқарып жатқан жұмыстарымен таныстық. Қазір Дәулет Қанатұлының инновациялық даму әзірлемелері ауыл шаруашылығын айтарлықтай ілгерілетіп, пайдаланылатын жерлердің экологиясы мен құнарлылығын едәуір жақсартқан.
Ғалым Дәулет Егембердиев: «Кейде жақындарым «шетелде осы сала бойынша жұмыс істесең, қазіргіңнен 1 000 есе көп табыс табатын едің. Ал қазір, керісінше, көп шығындалып жатсың» деп айтып қалады. Бірақ бұл жерде сөзбен айтып түсіндіре алмайтын нәрселер бар. Махаббат, елге деген сүйіспеншілік, одан бөлек, өмірдің мәні деген дүние бар. Сондықтан фермерлерге, барша диқанға айтатыным, өнімді адал жолмен алып, адамзатқа пайда келтіретіндей, жерасты суын былғамайтындай еңбектенейік. Мәселен, селитра жерге сіңіп, түбінде жерасты суын ластайды. Бірінші кезекте – жердің бүлінбеуі, ауаның ластанбауы. Aдамдарға нағыз таза өнім ұсынуымыздың өзіндік құны кейде қатты қымбатқа түсіп кетеді. Солай бола тұра, біз адалдық жолынан ауытқығымыз келмейді. Өйткені жоғарыда айтқан миссия біздің ісімізге өмірлік мән береді. Осы салада жүргеніме біраз уақыт. Оқу кезінде және оқуды аяқтағаннан кейін дүниежүзіндегі әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарымен, ғалымдармен және инженерлермен тығыз жұмыс істедім. Бұл мекемелерде ақысыз негізде зерттеулер жүргізіп, химиялық тыңайтқыштарды аз қолдана отырып, өнімділікті арттырудың бірегей әдістерін жасадым. 2010 жылдардан бері осы салада көптеген зерттеу жасадық. Соның нәтижесінде маңызды жетістіктердің бірі BioSelitra сияқты биологиялық тыңайтқыштарды өндіріп, нарыққа ұсынғанымызды айта аламын. Бұл тыңайтқышты Ресей мен Польшадағы фермерлер белсенді қолданады және өнімділікті едәуір арттыруға көмектесіп келеді. Biomeliorant өнімдері Халықаралық деңгейде танылды және Финляндия мемлекетінің астанасы Хельсинкиде «Жылдың сапалы инновациясы» жүлдесін жеңіп, марапатталды», – дейді.
Тыңайтқыштың түрі көп
Дәулет Қанатұлының агросаладағы жаңашылдығы мен қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстандағы бірқатар диқандар жағдайын жақсартып қана қоймай, ғылымға жаһандық тұрғыда елеулі үлес қосты. Дәулет Қанатұлының зерттеулері мен әзірлемелері ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді көмектескенін оның өнімін алып көрген әрбір диқан, фермерлер қуана айтады. Демек, Қазақстанда агросаладағы ғылыми инновация жақсы дамып келеді. Тек оған БАҚ пен мемлекет тарапынан үлкен қолдау керегі айқын сезіледі.
Ал қазақ ғалымының әлемді мойындатқан ғаламат жетістіктерінің бірі – «Биомелиорант» тыңайтқыштарына толығырақ тоқталайықшы. Шын мәнінде ол қандай препарат, құрамы неден жасалған? Бұл туралы ғалымның өзі былай деді:
«Қазір фермерлердің жеткілікті деңгейде өнім ала алмау себебі – олар өсімдік қылтиып шығар кезде қорегін береді де, өсіп кеткен соң оны күтіп-баптауда селсоқтық танытады. Өсімдік тек сумен өседі деп ойлайды. Шын мәнінде, ол өсуінің әр кезеңінде өзіне қажет элементтерді алып отыруға тиіс. Азотты күннен жапырақ арқылы сіңіріп, сабағына біткен дәруменді гүлге береді, гүл жеміске береді. Сондай-ақ сабағы таза ауадан, гүлі күннен нәрленеді, тамыры жердің элементтерін алады. Осы тұста өсімдік бойына жақсы, нәрлі дүниелер алса, одан шыққан жеміс ағзамызға өте пайдалы болмақ. Жоғарыда аталған әрбір кезеңде сапалы дәрумендер беріп отыру қажет. Адам баласы да өскен сәтінде дәрумендер ішіп немесе оны тамақтан алып, денсаулығын мықтайды. Міне, өсімдік те сол сияқты. Біздің ғылымға негізделген өнімдеріміз сол әр кезеңге арналған нағыз пайдалы элементтер. Тыңайтқыштарымыздың 70-ке жуық түрі бар. Қазір оның 18-і ресми лицензияға ие. Соның ең негізгілерін сіздерге таныстырып өтсем. Айта кетейін, ең алдымен, қазақтың елі мен жері үшін жасалған өнім болғандықтан, қазақы рухымыз білінсін деп өнімдерге әдемі қазақша атауларды да бердік.
«1. Bastau – дақылдардың толыққанды өніп шығуын қамтамасыз етеді. Құрамы микроэлементтермен қамтылып, техникалық дақыл тұқымдарын өңдеуге арналған кешенді тыңайтқыш. Сапасы мен өсу энергиясын жақсартады және жер мен топырақтағы көптеген патоген вирус аурулардан қорғайды.
2. BioSelitra – құрамында 63% биологиялық азот және өсімдіктерге қажет барлық микроэлемент бар. Өсімдіктердің белсенді өсуіне, дамуына, гүлдеуіне және жеміс түзілуіне ықпал етеді.
3. Корнеплод – тамыр жүйесін нығайтады және жерасты түйіндері мен жемістердің ішкі еттілігін жақсартады. Барлық түйін мен жемістің көлемін ұлғайтады. Көлемдерінің біркелкі болуын қамтамасыз етіп, сақтау мерзімін арттырады.
4. SALMAQ – өсімдіктердегі өсу мен зат алмасуды белсендіреді. Жемістердің салмағы мен дәмділігін, тәттілігін арттырады. Алынған жемістер табиғи иіске, салмаққа және массаға ие болады.
5. GULMIRA – гүлдеуді ынталандырып, гүлдердің түсуін азайтады. Гүлдерді байлап, 97–98%-ға түйіндердің түзілуіне ықпал етеді.
6. Jonyshqa – топырақ құрылымын жақсартады және тамырдың өсуіне ықпал етеді. Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді. Бұршақ тұқымдастары мен жоңышқа және беде үшін арнайы жасалған. Өсуді ынталандырады және ақуыздар мен құнды микроэлементтердің құнарлығын арттырып, көбеюіне ықпал етеді.
7. AntiStress – өсімдіктерді экологиялық стрестен және қолайсыз ауа райынан қорғайды. Пестицидтермен және гербицидтермен үйлесімді. Пестицидтер мен химиялық тыңайтқыштардың күйіктерінен кейін қалпына келтіреді.
8. Z Lux – жемістердің өнімділігі мен сапасын арттыратын әрі өнім қалыптастырушы ферменті бар. Аурулардан қорғайтын мелиорант және өсу стимуляторының өндірісін жылдамдатады. Дәрумендердің экологиялық тазалығы (ауыр металдардың және басқа да зиянды заттардың болмауы).
9. Z7 – өсімдіктің өсіп-өнуін тездетеді және тамыр жүйесін дамытады. Мырыш, бор және магнийдің жоғары мөлшері. Өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімділігін едәуір арттырады. Пестицидтермен, гербицидтермен және минералды тыңайтқыштармен бірге қолданғанда, дақылдардың күйзеліске түсуіне қарсы әсер етеді. Химиялық пестицидтердің уыттылығын бейтараптандырады.
10. Жүгері – жүгерідегі сау құлақша мен дәннің пайда болуына ықпал етеді. Ауруға төзімділікті арттырады. Хелат түрінде жүгеріге қажет минералды элементтердің қамтылуын жүзеге асырады. Құрамындағы макроэлементер шашақтану мен гүлдеу кезеңінде дақылдың бойындағы микроэлементтердің жойылып кетпеуін және гүлдеу мен тозаңдану процестерін қамтамасыз етеді.
11. АнтиФитономус №1, №2 – бірінші және екінші деңгейлі санатқа жататын зиянкестерді жоятын биологиялық тыңайтқыш әрі емдік фитофунгицид. Зиянкестерден зардап шеккен өсімдіктердің әрі қарай өнуіне жанама әсер етеді.
12. Анти Біте (тля) – өсімдіктің шырынын қорек ететін зиянды ұсақ жәндіктерге қарсы әрекет ететін инновациялық-биологиялық өнім. Құрамы хелатталған микроэлементтермен байытылған.
13. Anti Sor – жердің тұздылығын бейтараптандырады және сортаңданған топырақты қалпына келтіреді. Құрамында хелат түрінде макро және микроэлементтер бар.
Осы және басқа да көптеген биологиялық тыңайтқыштар кез келген қолайсыз жағдайлармен күресу кезінде топырақты қалпына келтіруге және егінді қоректендіруге көмектеседі.
Біз сондай-ақ Қазақстанда ең көп таралған 5 дақылды жеке зерттеп, максималды нәтиже алу үшін ең жақсы тыңайтқыш комбинацияларын анықтадық.
1. Картоп.
Бірінші кезең: Biomeliorant Bastau картоп тұқымдарды өңдеу (15 литр суға 1 литр, 1 тонна картоп тұқымы) – аурулардың алдын алады және тамырдың пайда болуын жақсартады.
Екінші кезең: 4–5 жапырақ шыққанда – Z7, Z Lux, BioSelitra (2,5 л/га) қоректендеру – өсуді белсендіріп, өсімдіктердің иммунитетін арттырады.
Үшінші кезең: гүлдеуден 3 апта бұрын – SALMAQ, Корнеплод, Калий (әрқайсысы 1 л/га) араластырып шашу өнімділік пен сапаны арттырады.
2. Қызылша.
Бірінші кезең: 4–5 жапырақ шыққанда Phyto Fungizid, Z7, Z Lux (2,7 л/га) қоректендіру – патоген вирустардан қорғап, өсімдіктерді нығайтады.
Екінші кезең: 10–15 күннен кейін қолдану – Магний, BioSelitra, SALMAQ (2,7 л/га) қоректендеру – өсуді дамытып, егін сапасын жақсартады.
Үшінші кезең: түйнек пайда болған кезеңде – SALMAQ, Корнеплод, Калий (2 л/га) қоректендіру – дәмді, тәтті, салмақты және алынған өнімділіктің ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Ірі, көлемді әрі көлемдерінің біркелкі болуы мен ішкі еттілігін арттырады.
3. Соя.
Бірінші кезең: Вiomeliorant Bastau соямен тұқымдарды өңдеу (15 литр суға 1 литр, 1 тонна соя тұқымы) – тамыр түзілуін жақсартып, ауруларға қарсы әрекет етеді.
Екінші кезең: 4–5 жапырақ шыққанда – Z7, ZLux, Мырыш (2 л/га) қоректендіру – өсуді ынталандырып, ауруларға төзімділікті арттырады.
Үшінші кезең: 20–30 см биіктікте – BioSelitra, SALMAQ, Корнеплод (2 л/га) қоректендіру – өнімділік пен сапаны арттырады.
4. Қылқан жапырақ тұқымдастары
Бірінші кезең: Вiomeliorant Mystan биотыңайтқышпен өңдеу – инфекциялардан, аурулардан, тоттанудан қорғайды. Өсу тұрақтылығын арттырады және аурулардың алдын алады. Тамыр арқылы емес, тек жапырақ арқылы өңделеді.
Екінші кезең: Biomeliorant Anti Sor (4 л/га) қоректендіру – топырақтың тұздылығын бейтараптандырады, құрылымын жақсартады.
Үшінші кезең: Вiomeliorant Хвоя 5–7 см биіктікте – таңертең немесе түнде 10 литр суға 100 г, ал тамыр арқылы өңдеуге 10 литр суға 15 г қосады. Кем дегенде, араға 10 күн салып, 2 рет қолдану керек.
Төртінші кезең: 20–30 см биіктегенде Z Lux (3 л/га) қоректендіру – өсуді белсендіреді және жасыл желектің сапасын жақсартады.
5. Жүгері (Вiomeliorant Жүгері)
Бірінші кезең: Вiomeliorant Bastau Жүгерімен тұқымдарды өңдеу (15 литр суға 1 литр, 1 тонна жүгері тұқымы) – тамыр түзілуін жақсартады және патоген аурулардан қорғайды.
Екінші кезең: 4–5 жапырақ шыққанда – Мырыш, Z Lux, BioSelitra (3–3,5 л/га) қоректендіру – өсуді тездетіп, стреске төзімділікті арттырады.
Үшінші кезең: 20–30 см биіктегенде – Корнеплодпен (3–3,5 л/га) қоректендіру – жемістердің массасын арттырып, сапасын жақсартады.
Biomeliorant қолдану өнімділікті 35–40%-ға арттырады, өнім сапасын жақсартады, пісуді 10–15 күнге тездетеді, ең бастысы, экологиялық таза өнім алуға мүмкіндік береді.
Қазір Қазақстанда нағыз ғылымға негізделген осы өнімді қолданған 20 мыңға жуық егін және мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер бар екен. Бұл сапалы өнімді тек 20 мың ғана емес, бүкіл Қазақстан білсе дейміз. Сонда ғана, Президент айтқандай, агросала өзінің жоғары технологиялық деңгей-биігіне шығар еді».
Көтерген тақырыбымызға орай, Түркістан облысы Отырар ауданы Ақтөбе бөлімшесінің бір топ алма бағы иелері де өз пікірлерін бөлісті.
«Алма бағымыздағы «Гала» тұқымына ғалым Дәулет Егембердиев шығарған өнімдерді ағашты еккен және көктемде бүр жарған кезінде әрбір кезеңінде қолдандық. Нәтиже керемет. Алмаларымыз қызара өсіп, өте дәмді жеміс берді. Бір кішкентай алма ағашының өзінен 40–75 кг-ға дейін өнім алып отырмыз. Алмаға биыл құрт түскен жоқ. Ғалымның бізге ұсынған «Gulmira» өнімін алма ағаштарымыз гүлдеудің алдында бір рет, гүлденгеннен кейін бір рет қолдандық. Нәтижесінде салқында үсіп кетпей, әртүрлі табиғи факторлар әсер етпей, былтыр тамаша жеміс берді. Биылғысы осы, міне, тамыз айында жеміс беріп бастайды», – дейді олар.
Мал шаруашылығына да зор көмек
Дәулет Егембердиев мал шаруашылығына арналған биологиялық сұйықтық та шығарып отыр екен. «Иә, ғылыми инновациялық өнімдеріміз тек өсімдік шаруашылығына ғана емес, мал шаруашылығының дамуына да үлес қосып келеді. Осы ретте мал шаруашылығына арналған биологиялық сұйықтық шығардық. Атауына қазақтың аңызға айналған шопандары Қамбар ата, Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата есімі берілді. Сонымен қатар «ECO жем» атты өніміміз бар. Ол қазір ресми мақұлдауға жіберілді. Алла қаласа, жауабын күтіп отырмыз. Бірақ соның өзінде арнайы сатылымға шықпаса да, мал өсіретін кәсіпкерлеріміз бізден қоярда-қоймай сұрап, малына дәрумен ретінде берді. Көтерем болып, басқа да түсініксіз іш ауруларымен ауырған ірі-қара, төрт түлік бірден аяққа тұрған. Толығырақ таныстырсақ:
BIOMELIORANT Дәрумен (EСO жем).Төрт түлікке (жылқы, сиыр, қой-ешкі, түйе) арналған дәруменді-минералды қоспа. Дәрумен (EСO жем) бордақылауға, қысыр болмауға және түсік тастап қоймауға көмектеседі. Бәйге сәйгүліктері мен көкпар тұлпарларына да күш беріп, ауырған кезінде және ауруға қарсы жұмыс істейді. Жануарлардың тәбетін ашып, жалпы, әлсіздіктің алдын алады. Қыста төрт түлік малға күш пен дем беріп, бұлшық ет массасын арттырады. EСO жемнің дұрыс таңдалған құрамы ағзаның бүкіл құрылымының дұрыс қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді. Тәуліктік нормаларға қажет әрі таптырмас пайдалы заттармен, аминқышқылдары және дәрумендермен байытуға мүмкіндік береді. Ірі қара малдың тірі салмағының жоғары өсу көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. BIOMELIORANT Дәрумен (ECO жем) – төрт түлік малдың иммунитетін көтеруі мен өсуіне және сүтті көбейтуіне ықпал жасайтын таптырмас инновациялық өнім. Дәрумен (ECO жем) озық технологиямен өңделген, құрамында патогендік микрофлора мен жанама әсерлері, асқынулары және қарсы көрсетілімдері жоқ. Оның қолданылуына келер болсақ, 10 кг құрама жемге – 1 кг ECO жем, 10 л суға 1 кг ECO жем салынады.
Өнімнің құрамы экологиялық таза және табиғи өнім, оның құрамына табиғи құрамдастар кіреді: арпа; жүгері; күнбағыс торты; жоғары ақуызды бидай; әктас ұны; бидай кебегі; ас тұзы; меласса. Меласса (шырын-сірне) тәтті әрі қою сұйықтық. Қант қамышынан, қызылша шырынынан, құрмадан, қарағаш пен анардан жасалады. Бұл шырын, тәтті өнімдерді тазарту арқылы алынады. Тазартудан кейін қант кристалдары түзіле бастайды және бұл кристалдар шырын тәріздес ериді. Сірне құрғақ күйге айналып, қолданыстағы қалыпқа түседі. Құрамында биологиялық белсенді қоспалар бар. Дәрумен (ECO жем) жемнің тағамдық көрсеткіштері: айырбастау энергиясы – 10 Ккал/100 гр; шикі ақуыз – 13%; шикі май – 3,77%; шикі талшық – 12%; А дәрумені – 25 мың ХБ/кг; D3 дәрумені – 3 мың ХБ/кг; Е дәрумені – 2 мг/кг», – дейді ол.
«Кеңдала» шаруа қожалығының жетекшісі Қалибек Алпысбаев: «Бұл ғылыми инновациялық өнімді қазақ ғалымы шығарғанына қатты қуандым. Өйткені шынымен пайдасын көріп отырмын. Әрдайым айналамдағы шаруашылық иелеріне, таныстарыма қуана ұсынып жүрмін. Өзіме жекелей тигізген пайдасын айтайын. Осыдан біраз уақыт бұрын Экожемді сиырларға бердім. Олар көтерем болып, тұра алмай қалған еді. Құрғақтай емес, суға езіп беріп едім таласа жеп алды. Сөйтіп, аяғын баса алмай тұрған сиырлар үш күнде аяққа тұрды», – дейді.
Президент айтқан «Агроғылымды дамыту және, ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет» тапсырмасына қатысты сала мамандарының іс-тәжірибесін алдағы нөмірде де айтамыз.
Әзірлеген
Элеонора ӘЗІРЖАН
988 рет
көрсетілді0
пікір