• Ақпарат
  • 01 Тамыз, 2024

ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМА және ӘДІЛЕТТІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

2024 жылдың бірінші жартысында Әділет министрлігі ұлттық заңнаманы дамытуға, азаматтар құқығын қорғауға, халықаралық ынтымақтас­тықты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен автоматтандыруға арналған түрлі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді. 

 

Норма шығармашылығы

Әділет министрлігі ұлттық заңнаманы қалыптастыруға белсенді атсалысып, 102 заң жобасына құқықтық сараптама және сүйемелдеу жүргізді, оның 20-сына Мемлекет басшысы қол қойды. 
Негізгі заңдардың ішінде:
– Органикалық өнім өндірісі мен айналымы туралы;
– Әйелдер құқығы және балалар қауіпсіздігі туралы;
– Жаңартылатын энергия көздерін және электр энергетикасын пайдалануды қолдау туралы;
– Ғылым және білім беру туралы заң;
– Денсаулық сақтау туралы заң;
– Бизнес жүргізу мәселелері туралы заң т.б.
Әділет министрлігі әзірленіп жатқан және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» респуб­ликалық акциясы ұйымдастырылды, оған 1,5 мыңға жуық заңгер маман қатысып, 150 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.

Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанда онлайн форматта ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер әділет министрлерінің 11 кеңесін өткізу, сондай-ақ Италия, Литва, Қытай және Сингапурмен бірқатар халық­аралық келісімдер мен меморандумдарға қол қою маңызды оқиға болды. Министрлік азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 11 мемлекетаралық шарт жасасу бойынша жұмыс жүргізуде (Сауд Арабиясы, Бразилия, Аргентина, Марокко, Корея, Сингапур, Малайзия, Украина, Хорватия, Оңтүстік Африка және Конгомен), 2 Гаага конвенциясын (сот келісімдерін таңдау туралы және өсиеттік өкімдер нысанына қатысты заңдар коллизиясы туралы), 3 хаттама (Түркия, Минск конвенция­сы, Кишинев конвенциясымен), сондай-ақ 9 ведомствоаралық халықаралық шарттар (Жапония, Қатар, Марокко, Сауд Арабиясы, БАӘ, РФ, Финляндия, Польша мен Түркия әділет министрліктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар).

Мемлекеттің 
мүлік құқығын қорғау

Мемлекет мүддесін қорғау бойынша 20 іс жүргізу жұмысы жалғасып жатыр, оның ішінде 13-і халықаралық төрелікте, 4-eyі шетелдік соттарда және 3-eyі сотқа дейінгі талқылауларда тұр.
Құқықтық тетіктерді жетілдіруге және креативті экономикаға инвестиция тартуға бағытталған «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді. Тауар таңбаларын тіркеуді жеделдету, көру қабілеті бұзылған адамдарға жағдайды жақсарту және басқа да шаралар енгізілді. 
Бұдан басқа, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы, Әділет министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Maqsut Narikbayev University арасында бірлескен «Зияткерлік меншік құқығы және бизнес құқығы» магистрлік білім беру бағдарламасын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды. Магистрлік бағдарлама зияткерлік меншік саласында кадрлар даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Парламент Мәжілісінің қарауына көру қабілеті нашар адамдардың жарияланған жұмыстарға қол жеткізуін жеңілдететін Марракеш шартын ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді. Бұл заң осы адамдардың құқығын қорғауға және олардың мәдени, әлеуметтік өмірге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолжетімді форматтағы жұмыстардың халықаралық алмасуына арналған.
Digital Justice («Цифрлық әділет») бағдарламасы шеңберінде атқарушылық іс жүргізуді автоматтандыру және заңды тұлғаларды тіркеу жобалары іске асырылды.

Атқарушылық іс жүргізуші робот

Қаңтар айында Тараз қаласында сот орындаушысының қатысуынсыз автоматты түрде атқарушылық іс жүргізе алатын «Робот» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл азаматтарды комиссия төлеуден босатып, 2 млрд теңгеге жуық қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Тамыз айында жобаны бүкіл ел бойынша тарату жоспарланып отыр.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу енді «Электронды үкімет» порталында толық қолжетімді. Бұл бастама халыққа қызмет көрсету орталығына келетін заңды тұлғалардың уақыты мен шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ «eGov» порталында құрылтайшылардың заңды тұлға басшысын ауыстыру тәртібі жеңілдетілді.
Әділет министрлігі «eGovMobile Business» арқылы онлайн сенімхаттар беру жобасын іске қосты. Қызмет басшылардың сенімхат беру процесін едәуір жеделдетеді әрі жеңілдетеді. Бұған дейін сенімхаттар тек қағаз жүзінде ғана берілетін, бұл уақытты қажет етіп, олардың заңдылығын тексеруді қиындатты.

Бірыңғай хабарлама нүктесі

Алаяқтықпен күресу үшін 1414-тен SMS және «еGov-mobile» push-хабарламалары арқылы азаматтарды хабардар ететін пилоттық жоба іске қосылды. Бұрын хабарламалар пошта арқылы жіберілсе, енді сенімді электронды арналар арқылы келеді. 
Өткен жылы әділет органдарына нотариустар мен сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты 40 мыңнан астам арыз-шағым түскен. Азаматтар тұтқындауға немесе шектеулерге тап болғанға дейін нотариустардың шешімдері туралы білмегендеріне шағымданды.

1096 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №5

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы