• Ақпарат
  • 05 Қыркүйек, 2024

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткені белгілі. Президент бұл мәселеде кітапханалардың мәртебесіне назар аудара отырып, еліміздің барлық тұрғынының күш-жігерін оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақырды. 
 

Халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу мақсатында елімізде «Бір ел – бір кітап» республикалык акция­сы өткізіліп келеді. Акция  аясында Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Жұбан Молдағалиев Фариза Оңғарсынова және басқа ақын-жазушылардың кітаптары оқылды. Биыл аталған акция аясында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығырмалары таңдалып, барлық кітапханаларда қаламгердің 100 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтіп жатыр. Айтулы дата ЮНЕСКО көлемінде атап өтіліп, ТҮРКСОЙ-дың деңгейіндегі мерейтой іс-шаралары өткізіледі.
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына «Балалар әдебиетінің бәйтерегі»  диско-лекциясын ұйымдастырып, оқырман қауымға «Абай TV» телеарнасы түсірген «Жәдігер» бағдарламасынан үзінді ұсынылды. Сонымен қатар Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы, 1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым – Қожа» фильмі арнаулы жүлдеге ие болғаны, 2022 жылы елордадағы «Жетісу» саябағында «Менің атым – Қожа» кітабының бас кейіпкері Қожаға ескерткіш орнатылғаны туралы мәлімет берілді. 
Іс-шара барысында оқырманға қаламгердің «Менің атым – Қожа» атты повесі желісімен қазақ режиссері Абдолла Қарсақбаев түсірген фильмнен үзінділер көрсетіліп, «Берен талант Бердібек» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана  қыз­меткері Әйгерім Жасанова библиографиялық шолу өткізіп, жазушының асыл мұраларын насихаттады.      
Мәдени іс-шара соңында белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған дарынды композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Туған ел» әні орындалды.
Қожа рөлін сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжар (лентаға түскен кезде – Нұрлан Сегізбаев) «Бұл Қожаға ғана қойылған ескерткіш емес. Сол кездегі қазақтың кез келген қара домалағына, кез келген ауыл баласына қойылған мәңгілік белгі. Бұл қазақ әдебиетіне, қазақ балалар әдебиетіне, қазақтың балалар фильміне қойылған ескерткіш дер едім. Біз осы фильм арқылы күллі қазақ баласының бейнесін көрсетуге тырыстық. Қазіргі балалардың бақыты да сол, бейбіт елде, Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп келеді. Осы тыныштықтан, осы берекеден айырмасын» дегендей, қазақ баласы аман болсын дейміз.

 

Рысжан Болашқызы,
Сақтаған Бәйішев атындағы 
Ақтөбе облыстық әмбебеп ғылыми
кітапханасының қызметкері

 

375 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №36

12 Қыркүйек, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы