• Ақпарат
  • 26 Қыркүйек, 2024

Еңлік Нұрмұхан, Абай атындағы ҚазҰПУ тарих және құқық факультеті әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы: Тарихты тану жолы

Қазақ тілінің білім жүйесіндегі орны ерекше. Ал тарих пәні – ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді, халықтың  рухани құндылықтарын таныстыруда маңызды рөл атқарады. Осы себепті тарих пәні мұғалімдерін даярлауда қазақ тілінің қолданылуы білім сапасын арттыруға, білім алушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға әсер етеді.
Тарих пәнінде қазақ тілінің терминологиясы мен ғылыми әдебиет­тері маңызды екені сөзсіз. Білім алушылардың тарихи деректермен жұмыс істеуі, зерттеулерге, тарихи деректерге қазақ тілінде талдау жасауы білім алудағы негізгі талап болып есептеледі. Оқулықтар мен әдістемелік материалдардың қазақ тілінде болуы, педагогикалық процесс барысында білім алушылардың тарихи білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Мұғалім даярлау бағдарламасында қазақ тілінің интеграциялануы қажет. Оқу жоспарында тарих пәні мен қазақ тілінің кіріктірілген оқу модулі маңызды. Бұл білім алушыларға ғылыми ойлаудың және тілдік дағдының бірлігін қалыптастыруға көмектеседі.
Тарих сабағында қазақ тілінің рөлі болашақ ұстаздардың тілдік дағдыларын дамытуда айқын көрінеді. Тілді меңгеру, тарихи контекстерді түсіну, мәдениетпен танысу – мұның барлығы білім алушылардың тарихи сана-сезімін кеңейтеді. Қазақ тілі арқылы ұлттық мәдениет пен тарихтың маңызы ашылады, бұл оқушылардың патриоттық сезімін де оятады.
Инновациялық оқыту әдістері, әсіресе интерактивті тәсілдер мен топтық жұмыстар, тарих пәнін оқытуда қазақ тілін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Білім алушылар пікірін, ұсынысын қазақ тілінде жеткізе отырып, тілдік дағдысын жетілдіреді. Бұл білім алушылардың  тілдік мәдениетін де қалыптастыруға ықпал етеді.

482 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №36

12 Қыркүйек, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы