• Ақпарат
  • 24 Қазан, 2024

БАС ЖҮЛДЕ ӘРІПТЕСІМІЗДЕ

Республика күні қарсаңында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқау жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.


Салтанатты іс-шараны құттықтау сөзімен ашқан  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек: ­«Қазақ тілі қазіргі таңда жаңа бір деңгейге, жаңа бір ­белеске қадам басты. Жаңа технологиялар арқылы қазақ тілінің бүгінге дейін болмаған жаңа қыры мен болмысы ашыла түсуде. Тіл моделін жасау арқылы ана тіліміздің жаңа заманға, техника мен технология тіліне икемді екенін дәлелдеп, сәтті жүзеге асырып келеміз. Қазақ тілінде жасанды интеллект құру – ортақ аса маңызды мақсатымыз», – деді.
Министр сондай-ақ мемлекеттік тіл үшін қызмет етіп жүрген тіл жанашырларына, БАҚ өкілдеріне Тәуелсіздік тұғырын нығайтуға үлкен үлес қосып жүргендері үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, байқауға ұсынылған еңбектерді Дархан Қыдырәлі, Бауыржан Бабажанұлы, Нұртас Солтанұлы, Нәзира Бердалы және Бекзат Жүсіп сияқты белгілі журналистер мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағалады.
Қазылар алқасының төрағасы Дархан Қыдырәлі байқау­ға ардагер журналистерімізбен қатар, жастардың да белсене қатысқанын атап өтіп, олардың заманға сай жаңа техноло­гия­лар, жасанды интеллектімен бірге қазақ тілінің даму бағыты тақырыптарына қалам тербегені қуантарлық, құптарлық үрдіс екеніне баса назар аударды.
Қазылар алқасының шешімімен Әсет Қалымов («Казахстанская правда» газеті), Айхан Шәріпов («Айқын» газеті), Амандық Абдулов («turantimes» сайты), Шернияз Жалғасбекұлы («24KZ» телеарнасы), Айжан Оспан («Евразия 1» телеарнасы), Балнұр Әлібековаға («Navoiy» телеарнасы, Өзбекстан) ынталандыру сыйлығы мен алғыс хат табысталды.
Әріптесіміз «Ана тілі» газетінің тілшісі Бағдат Сұлтанқызы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының 2024 жылғы жеңімпазы атанды. Бас жүлде иегеріне 1 000 000 теңге сертификаты табысталды.
 

921 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

17 Сәуір, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы