• Мәдениет
  • 04 Наурыз, 2009

Тарих таңдақтары

2008 жылы белгілі ғалым Көшім Есмағамбетовтың әр жылдардағы ғылыми еңбектерінің жинағы жарық көрді.  Жинақтың бірінші кітабында автордың 1967-2003 жылдар аралығында ғылыми басылымдарда, баспасөз беттерінде Қазақстан тарихы, қоғамымыздың өзекті мәселелері, тарихнама және деректану салалары, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың қайраткерлік және адами болмысының шетел әдебиеттеріндегі зерттелуі туралы мақалалары топтастырылса, екінші кітапта 2003-2008 жылдар аралығында қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы (Әбілқайыр хан, Кенесары қозғалысы, Желтоқсан көтерілісі т.б.) және оның шетелдерде зерттелуі, тарих ғылымына саяси жүйенің ықпалы, деректану, мұрағат ісі, М. Шоқайдың қайраткерлік болмысы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қоғамымыздың рухани жаңаруына және тарих ғылымының деректік негізінің нығаюына тигізген әсері туралы жазған мақалалары, сонымен бірге XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамасы жөнінде бұрын-соңды жарық көрмеген және басылымдарда жарияланбаған ізденістері енгізілген. Жинақтардағы «Жетісудың зерттелу тарихынан», «Шетел тарихшылары ислам діні туралы», «Шетел ғалымдары қазақ ағартушылары жөнінде», «Батыс деректері мен әдебиеті Қазақстанның ежелгі тарихы хақында», «Этнополитические процессы на территории Казахстана в древности и средние века: обзор зарубежной литературы», «Историческая наука в тоталитарном обществе», «Проблемы истории Казахстана XVIII – начале XXвв. в зарубежной историографии», «Зарубежная историография истории Казахстана (1917-1991 гг.)» атты әрқайсысы бір-бір монографияға татырлық еңбектердің құндылығы өте жоғары. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғ. Халидуллин. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е. Ермұқанов.

3210 рет

көрсетілді

67

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №21

22 Мамыр, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы