- Ақпарат
- 28 Қараша, 2024
Бірегей құжаттар көрмесі
Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара «Архив – 2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында істелген жұмыстарды талқылауға арналды. Конференцияға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, республикалық және өңірлік мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, тарихшылар қатысты.
Конференция шеңберінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия сияқты мемлекеттердің архивтерінен әкелінген құжаттар қойылды. Оның қатарында Темір ханның Сайбек ханға елші жіберіп, Бұрындықпен мәмілеге келуі туралы деректер, әз Жәнібек ханға арналып жазылған тарихи қолжазба, 1784 жылғы қазақ даласындағы көне қалалардың көрінісі, сондай-ақ Орта Азиядан көшкен 3 000 қазақ мәселесіне қатысты шешімдер, оларды Кашмирге қабылдау сияқты құнды құжаттардың көшірмесі, студент Мағжан Жұмабаевтың 1923–1925 жылдардағы жеке ісі бар.
Мөлдір Ғабитқызы
1177 рет
көрсетілді0
пікір