• Ақпарат
  • 12 Желтоқсан, 2024

Елші елдегі ерекше жерді атады

Қазақстандағы Италияның төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти «Born Bold. Travel Boldcast» подкасында Қазақстандағы саяхаты туралы өз әсерін бөлісті. Дипломат Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасовпен сұқбат кезінде еліміздегі ең сүйікті үш туристік бағытты атады.


Елші Қазақстанды жиі аралайды. Ол Маңғыстау, Алматы облысындағы көлдер (оның ішінде Көлсай, Қайыңды, үлкен Алматы көлі) және Шығыс Қазақстандағы Алтай тауларын өзінің ең сүйікті туристік бағыттары деп атады. Дипломат үшін Шығыс Қазақстанға саяхаты ең жарқын әрі есте қаларлық сапарлардың бірі болған.
«Шығыс Қазақстанға, тауға жасаған сапарым ең жақсы саяхаттың бірі. Табиғатпен нағыз байланыс тәжірибесі – өте сирек кездесетін нәрсе. Мен балаларымды шатқалға алып бардым. Біз жаңа қонақүйде түнедік, кейін бірнеше сағат бойы далада болып, түнгі аспанды тамашаладық.  Шатқал ортасында жұлдызды аспанды көру ерекше әсерлі», – деді Марко Альберти.
«Born Bold. Travel Boldcast» подкасы – Қазақстанның туризміне арналған алғашқы ағылшын тіліндегі жоба. Оның негізгі мақсаты – елді туристік бағыт ретінде таныстыру және оның мәдениеті, дәстүрлері мен табиғи әсемдіктерімен тереңірек таныстыру.
Подкаст тыңдаушыларды Қазақстан, оның мәдениеті, тарихы және туристік орындары туралы шетелдіктердің қызықты әңгімесіне енгізеді. Алғашқы шығарылымның қонағы – Қазақстандағы Италияның төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти болды, ол жүргізушімен бірге туризмді дамыту тренділерін, көшпелі халықтың құндылықтары мен менталитетін, Венеция дипломатиясының ерекшеліктерін және саяхат дипломатиясының рөлін талқылады.

 Мөлдір ҒАБИТҚЫЗЫ

723 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

№1

03 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы