• Ақпарат
  • 06 Ақпан, 2025

Гүлнар Досымшалова, «Halyk» қайырымдылық қорының PR менеджері: Қазақтілді PR маманға сұраныс көп

Қазақстандағы PR мамандары, яғни оның ішінде Әлішер Елікбаев, Ербол Азанбек, Бейбіт Әлібековтерді зерттеп, сұқбаттарын қарап, қалай жұмыс істеуге болады деп іздендім. Себебі менің PR-ға келгендегі басты мақсатым – қазақтілді маман ретінде өзімді мойындатқым келді. Сондықтан іздендім. Бірақ Қазақстанда қазақ тіліндегі PR-дың соншалықты дамып кетпегеніне көзім жетті. Дегенмен қазақтілді тұтынушылар саны орыстілділерге қарағанда көп екенін байқап, әртүрлі компаниялар қазақтілді PR менеджерлерді іздей бастады. 
PR саласында қазақ тілінде жазылған кітаптар, мақалалар, сұқбаттар өте аз. Сол жағынан аздаған қиындықтарға кезігетініміз рас. Қазіргі мақсатым – компания мен халықтың арасындағы байланысты жақсартып, компанияның имиджін қалыптас­тыру. Қайырымдылық қоры деп аталғандықтан, бұл қордың жұмысын қазақтілді аудитория көбірек білуі керек, сол үшін қазақ тіліндегі контентті дамытайық деп ұсыныс жасадым. 
Байқағаным, PR мамандары тұтынушымен көбіне әлеуметтік желімен тығыз байланыс орнатады. Яғни Instagram, TikTok, Facebook. Себебі аудитория алдындағы жұмысты осы платформалар арқылы көрсету әлдеқайда тиімді. Қазір сайттардың да қаралымы төмендеді, әлеуметтік желілер алға шықты. 
PR саласындағы қазақтілді мамандар саны шынымен де тапшы. Қазақтілді мамандардың шынымен ауа­дай қажет екенін ірілі-ұсақты компаниялар түсінді. Себебі әлеу­меттік желілердегі статистикаға үңілсеңіз, активті көтеріп отырған аудиторияның 70 пайызы қазақтілді оқырман. Яғни тұтынушы қазақша контентті көреді, қолдау білдіреді, пікірімен бөліседі. Сондықтан қазір қазақтілді маманға сұраныс артып отыр.

531 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №8

20 Ақпан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы