• Ақпарат
  • 06 Ақпан, 2025

Ұран оттың ұшқыны

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Маңғыстау облысының құрметті азаматы  Бектұр Төлеуғалиұлының 85 жас мерейтойына арналған «Ұран оттың ұшқыны» шығармашылық кеші өтті. 


Зиялы қауым өкілдері, қаламгердің оқырманы мен әріптестері қатысқан жиын Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ғимаратында өтті. Кеш барысында мемлекет және қоғам қайраткерлері Қырымбек Көшербаев, Алик Айдарбаев, Нұрлан Ноғаев, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан бейнебайланыс арқылы мерей­той иесін құттықтап, Бектұр Төлеуғалиұлының шығармашылық, кісілік портретіне тоқталды. Ал белгілі қаламгер-журналист, публицист Сауытбек Әбдірахманов Бектұр Төлеуғалиұлының шығармашылық ұстанымын талдап, көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлы екеуінің балалық шағын сипаттаған еңбегінен мысал келтіре отырып, мерей­той иесінің естеліктерін тірілтті.  Жазушылар Одағының Төрағасы Мереке Құлкенов Бектұр Төлеуғалиұлына «Қазақстанның Құрметті жазушысы» төсбелгісін тағып, иығына шапан жапты. Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әнуар Бимағанбет өңір басшыcының құттықтау хатын  жеткізді.
Шығармашылық кеште жа­зу­шының өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер айтылды. Қаламгер Бектұр Төлеуғалиұлы басынан өткерген оқиғаларын, шығармашылығының құпиясын айтып, естеліктерімен бөлісті. 
Б.Төлеуғалиұлы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін өсіру бағытында маңызды жұмыстар жүргізген маман. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өңірдегі басшысы және «Қазақ газеттері» ЖШС Маңғыстау облысының өкілі есебінде оқырман санының артуы мен қазақ тіліне қатысты түйткілді жағдаяттардың шешілуіне атсалысып жүр. Осы орайда мерейтой иесіне «Қазақ газеттері» ЖШС Алматы басылымдары жетекшісінің «Алғыс хаты» табыс­талды.

Қарагөз СІМӘДІЛ 

541 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №8

20 Ақпан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы