- Ақпарат
- 13 Ақпан, 2025
Жасанды интеллект жәрдемші ме ?

Бүгінде адам ақыл-ойының компьютерлік баламасы саналатын жасанды интеллект туралы қоғамда түрлі пікір бар. Бірі оның пайдасы зор десе, енді бірі жұмыс күшінің азаюына әкеледі деп алаңдайды. Ал шын мәнінде біз көп естігенімізбен, сырын түсініп үлгермеген танымал технологияның артықшылығы мен кемшілігі неде?
Білім саласы бойынша да даму жылдан-жылға ілгерілеп жатыр. Жасанды интеллект бұл сектордың да бір бөлігіне айналды. Қазіргі таңда оның көмегімен онлайн сабақтар өткізуге, оқушының үлгерімін қадағалауға болады. Платформада жүктелген сабақтарды көріп, тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар білімін жетілдіре алады. Ал жүйе оқушының деңгейін анықтап, соған орай бағдарламалық жұмыстар жасайды. Жаңа интеллектінің құзырына емтиханға қатысу да кіреді. Мәселен, RoctorEdu бағдарламалық құралы емтихан кезінде қатысушылардың әрекетін онлайн бақылауға, тіркеуге және бағалауға арналған. Бағдарламаның прокторлық функциялары тестілеу платформаларына қосылады. Бұл өз кезегінде емтиханды қашықтан бақылаушылардың қатысуымен де, автоматты режімде де жүргізуге мүмкіндік береді. Яғни ол онлайн сынақ тапсырып жатқан қатысушының қимыл-қозғалысын, бөлмедегі артық дыбыстар мен тұлғаның бет-бейнесін бақылап отырады. Әрі компьютер экранындағы үдерістерді де қадағалайды. Бұл арқылы емтихан қабылдаушы комиссия қай оқушының сапалы білім көрсеткенін анықтай алады. Осындай жаңа технологиялардың дүниеге келуі тікелей IT саласына қатысты. Сол үшін әр мемлекет өзінің өркендеу жолында IT саласына басымдық береді. ЖИ әрбір оқушының оқу қабілетін, қызығушылықтарын және қажеттіліктерін анықтап, оқу бағдарламасын жеке бейімдей алады. Бұл тәсіл әр оқушының өз қарқынына сай оқуына мүмкіндік береді, олардың әлсіз тұстарын күшейтіп, күшті жақтарын дамытуға ықпал етеді. Адаптивті оқыту жүйелері оқушылардың білім деңгейін анықтап, сол деңгейге сай оқу материалын ұсынады.Бұл жүйелер оқушының оқу процесін үнемі бақылап, қажетті түзетулер енгізіп отырады.
ЖИ негізіндегі жүйелер тесттерді, тапсырмаларды тағы басқа оқу жұмыстарын автоматты түрде бағалай алады. Бұл мұғалімдердің уақытын үнемдеп, оларды оқушылармен тікелей жұмыс жасауға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Виртуалды репетиторлар оқушыларға нақты уақыт режимінде көмек көрсете алады. Олар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, түсіндірмелер ұсынады және оқыту материалдарын меңгереді.
Оқу аналитикасы ЖИ көмегімен оқу үдерісінің тиімділігін талдауға және болжауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер оқытудың тиімді әдістерін анықтайды және білім беру бағдарламаларын жақсартады. ЖИ аудио және бейне тану технологиялары білім беруде кеңінен қолданылады. Осы технологиялар оқушылардың жауаптарын бағалауға, бейнесабақтарды талдауға және арнайы қажеттіліктері бар оқушыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Жүз жыл бұрын әйгілі британдық шахматшы Уильям Артур Уорд былай деген: «Жай мұғалім хабарлайды. Жақсы мұғалім түсіндіреді. Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады». Жасанды интеллект дәуірінде мұғалім тұлға болып қала береді, бірақ қарапайым және жақсы мұғалімдер үшін бұл жерде орын жоқ. Тек керемет және ұлы ұстаздар жұмыс істеуі керек, – деп ойлаймыз.
Торғын Әбдрашева,
Гүлжан Көшербайқызы,
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің
№7жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімдері

578 рет
көрсетілді0
пікір